Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. - Математика - Қазақша рефераттар!!! - WwW.Sabakka.Ucoz.Kz - Қазақша рефераттар,курстық және дипломдық жұмыстар т.б

Басты бет » Қазақша рефераттар!!! » Математика

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.



Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
1.    Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы қарастыру
2.    Үшбұрыштың сыртқы бұрыштары жөнінде түсінік енгізу.
Дамытушылық:
1.    Творчестволық және логикалық ойлау-қабілетін дамыту.
2.    Өзіндік ойлау қабілетін жалпылай дамыту.
3.    Ауызша жауап беруге дағдылау.
4.    Сан ұғымы туралы біліктілігін дамыту.
Тәрбиелілік:
Әрі нақты, әрі қарапайым сөйлесу мәнерін тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып сабаққа дейін үш топқа бөлінеді:
1-топ  - білімдері жоғары оқушылар
2-топ  - білімдері орташа оқушылар
3-топ  - білімдері төмен оқушылар.

2-3 топтар кроссворд шешеді (жұптасып жұмыс жасайды)
1-топ сұрақтарға жауап береді.
1. Үшбұрыштың төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді? (Медиана)
2. Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш. (Тік бұрышты үшбұрыш)
3. Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер.
4. Бұрыштардың өлшем бірлігі.
5. Тік бұрыштан кем бұрыш.
6. Тік бұрыш шамасы.
7. Ішкі бір жақты бұрыштардың қосындысы неге тең?
8. Екі параллель түзулерді басқа қиюшы (секущая) қиып өткенде пайда болатын бұрыштарды атаңыздар.
9. Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не?
10. Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы үш нүктені қосатын 3 кесіндіден құралған фигура.
11. Тесттер. Әр оқушыда 10 жұп үшбұрыш болады. Олар тең немесе тең емес екенін анықтау керек және егер тең болса, қандай қасиеттерімен тең екенін көрсету, егер тең болмаса «-» таңбасын қою.

Кроссворд.
Горизонталь бойынша:
1.    Бір жағы ортақ, ал басқа жақтары қосымша жартылай түзулер болатын бұрыштар.
2.    Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер.
3.    Бір нүкте мен осы нүктеден тарайтын екі сәуледен тұратын геометриялық фигура.
Вертикаль бойынша:
4.    Бұрыштардың өлшем бірлігі.
5.    Бір түзуде жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден тұратын фигура.
6.    Үшбұрыштың төбесін, оған қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық:
Есеп. АВС үшбұрышының В тік бұрышынан АС қабырғасына а түзуін
жүргізген. АВС үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.

Оқушылар есепті өздіктерінен шығарады. Сурет тақтада салынады. 1 оқушы тақтаға қысқаша берілгенін жазады.
Қосымша сұрақ: бұл үшбұрыштың бұрыштарының қосындысын табыңдар.
Оқушылардың алдына келесі мәселе қойылады:
-    Берілген үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы 180 болуы кездейсоқтық па, әлде бұл қасиет барлық үшбұрыштарға тән бе?

Балалар! Бүгінгі сабақта сіздер үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теоремамен таныстыңыздар. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып, тақырыпты жазып алайық: «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы». Оқулықтың 79-бетін ашып, теореманы оқиық. Теореманың шарттары мен қорытындысын жазып алу керек.
    Теореманы дәлелдеуге өзіндік жұмыс:
1+2+3=180 екенін дәлелдеу.
АВС – кез-келген үшбұрыш.
∆АВС-ның В төбесі арқылы m АС түзу жүргізеді. Егер АВ – қиюшы болса, онда 4=1, Егер ВС-қиюшы болса, онда 5=3, ...
4+2+5=180    1+2+3=180, т.с.с.

Бекіту
Екі оқушы тақтада карточкалармен жұмыс жасайды.
Карточка 1. ∆ДКС бұрыштарының қатынасы 1:2:3. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.
Карточка 2. ∆АВС бұрыштарының қатынасы 2:3:4, үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.
Сыныппен ауызша жұмыс жасау:

Үш оқушы тақтада:
1-топ №10, 2-топ №16; 3-топ №15
Тақта алдында тапсырмаларды тексеру.
Бүгінгі сабақта сіздер геометрияның негізгі теоремаларына жататын және есеп шығару мен теоремаларды дәлелдеуге кең қолданылатын теоремамен таныс болдыңыздар. Сонымен, бұл қандай теорема?
Оқушылар теореманы айтып-түсіндіреді.
Өткен материал бойынша оқушылардың білімін бекітіп, тексеру.

Санат: Математика | Салған: Maxo | Уақыты: 19-12-2010, 13:16
Көрулер: 2203 | Жүктелді: 85 | Түсiнiктер : 1 | Рейтингі: 3.8/5
Барлық түсініктер: 1
1 Нурик   (11-09-2012 16:26)
wacko

Түсініктерді тек сайтқа тіркелгендер ғана қоса алады!
[ Тіркелу | Кіру ]
Жоғары