Фирма экономикасының теориялары. - Курстық жұмыстар!!! - WwW.Sabakka.Ucoz.Kz - Қазақша рефераттар,курстық және дипломдық жұмыстар т.б

Басты бет » Курстық жұмыстар!!!

Фирма экономикасының теориялары.



Кіріспе
Қайбір кәсіпорын болмасын  өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс.  Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономкалық ғылымның бір бөлігі.  Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайын-дайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді.   Ол   кәсіпкерлік   қызметінің   экономикасы   мен   ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің үйымдық нысаны және қүқықтық негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жүмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.
Микроэкономикалық  талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті үйымдастыруды зерттеу болып  табылады.
Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс — белгілі баға бойынша түтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет  көрсетуді  жеткізу.
Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының, ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жүмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.
Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетугс өзінің алдына мақсат етіп  қояды.
Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макрозкономикасы аралас эономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде үйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді.  Өйткені,  аралас  экономикада   өндірістің  өнім   көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты, фирманың шығындары және олардың түрлері, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтап, фирма қызметінің пайдалылығын көрсету.
Курстық жұмыс екі үлкен тараудан және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Фирма экономикасының теориялары.

1.1. Фирма  стратегиясының теориясы және оның шаруашылықты жүргізудегі негізгі ережесі.
"Фирма" – көп профилді өндіріс. Мысалы, Италия фирмасы "Фиат" тек қана автомобиль шыгарып коймайды, теңіз кемелерін және т.б. шығарады.
 ХІХ-ғасырдың басында француз зкономисті Жан БатистСэй (1767-1832 жылдар) кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін калыптастырды. "Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек".
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарыктық бәсеке жағдайында бас тартпай жүмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұракты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық максаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінін үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғалымы, зкономист П. Самуэльсон: "Тауар өндірушілср бағалар бәсекесіне қарсы'гұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі" - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі  экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы  елдердің бір қатары дамудың индустралдыға дейінгі деңгейінен индустралды дәуірге өтуде, иидустралды дамытушы елдер индустралдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары  мен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан  алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма. егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыруы керек, осы факторлар өзара байланысты болса да.
Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлсрдің қандайталаптары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық,  сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис койылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалануынша кез-келген фирма үшін кез-келтен экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда ондірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сай келуі тиіс;
біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
екіншіден, фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышанарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгетті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.

1.2. Шығындар мәселесі, олардың құрылымы мен фирма пайдасын көбейту.

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтадың, әкімшіл басқару шығындары кіретінін білеіз. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.
Қалдық шығындар - өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.
Старттық шығындар-өндіріс пен өткізу көлемдері өзгермегенде өзгермейтін болуы мүмкін. Егер өндіріс әлеуетін арттыру керек болса (техника мен жұмыскерлер санын), онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті секірісі болады.
«Тұрақты шығындар» түсінігі – салыстырмалы, өндіріс пен өткезілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі шығындар өндіріс көлемі мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады? Өзгермелі шығындар жұмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін білеміз. Бұл шығындар өндіріс пен өнім өткеру көлемінің өзгеруімен өзгереді.
Фирманың өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне байланысты өзгермелі шығындар құрылымында пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті шығындар пайда болады.
    Пропорционалды өзгермелі шығындар-өндіріс  пен өнім өткеру пропорциясына қатысты өзгеретін шығындар.
Прогрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткеруге қарағанда көп деңгейде өзгеретін өзгермелі шығындар.
Дегрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткерілуіне қарағанда салыстырмалы түрде аз пропорцияда өзгеретін өзгермелі шығындар.
    Өзгермелі шығындар өндіріс пен өнім өткерілу көлемдері өсуі бойынша көрінеді. Ең алдымен олар өндіріс көлемімен баяу өседі және осы уақытта дегрессивті шығындар пайда болады. Оның себебі мына жағдай: фирманың экономикалық қызметі кеңейген сайын жұмысшы күшін пайдалану, ұйымдастыру және еңбек бөлінісі жақсарады, арзан шикізат пен маериалдар алынады.
    Бірақ та, белгілі бір сәтте шаруашылық қызмет тиімділікке жету, арзан шикізат пен материалдарды жақсы қолдану мен сатып алу мүмкіндіктері таусылатын деңгейге жетеді. Фирма өзінің әлеуетін толық пайдалану деңгейіне жақындағанда, өзгермелі шығындар прогрессивті шығындар сипатына еніп, олар өндіріс көлемі өсуден немесе тез өсе бастайды. Яғни жұмысшы күші осы немесе басқа да себептерден қымбаттайды, өнімнің бірлігіне есептегенде шығындары өсе бастайды, жұмысардың қарқыны ақаудың пайызын көтереді. Осылай, дегрессивті және прогрессивті шығындар басшылар үшін фирма шаруашылық қызметінің тиімділігінің барометрі болуы тиіс.
    Фирманың шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы шығындар құрылымының басқа өзгерістері де куә болады. Шығындар құрылымы деп жалпы шығындардың барлық көлемінде фирманың өзгермелі және тұрақты шығындардың пайыздық қатынасын түсінеміз.
    Егер А және В екі фирмалардың жалпы шығындары мына түрде келтіріледі:
А                      Б
өзгермелі шығындар               70%                   40%
тұрақты шығындар                  30%                   60%
жалпы шыіғындар                   .100%                 100%
    Осыдан олардың шығындарының құрылымы өзгеше деп қорытынды жасауға болады.
    А фирмасында еңбекті төлеуге көп шығындардың болуы, осы фирмада қол еңбегінің үлесі көп екендігін көрсететді. Оған керісінше  В фирмасында өндірістің жоғарғы деңгейлі автоматтандырылуына сай жоғаы тұрақты шығындар мен еңбек ақысында аз өзгермелі шығындар.
    Өндіріс шығындары құрылымы қазіргі жағдайда айтарлықай өзгерді. Жаңа технологияларда қолданудың өсуіне байланысты құрылымында инженер-электроншиктер, инженер-программистер, инженер-механиктер оларға сай еңбек ақылары мен басым жоғары мамандықты жұмысшы күшіне қажеттілік өседі. Осы себептен өнімнің жалпы құқығына еңбек ақы үлесі айтарлықтай өсті. АҚШ-та өнеркәсіп жұмысшыларының еңбек ақысы екі проценттерден он процентке өсті. Фирманың маркетинг қызметіне байланысты шығындар жиырма проценттен қырық процентке өсті. Осыдан фирма  стратегиясында пайданы көбейтуге жаңа мәселелер пайда болады. Пайданы  көбейтуде мынадай теориялар мен моделдер болады. Пайданы көбейтудің дәстүрлі моделі. Дәстүрлі модел мына әдістерге сүйенеді:
    -статистикалы әдіс, өндіріс пен өткізудің бұрынғы көлемдегі кезінде алынған максималді пайданың статистикалық ақпараттарына негізделеді;
    -эксперттік баға әдісі, өндіріс пен өткеру көлемдерінің және шығындар көлемінің экспорттық баға негізінде максималді пайда алу мүмкіндіктерін талдауға сүйенеді.
    Менеджерлік теория және пайданы ұлғайту моделінің  теориясына келіссек нарықтық әуекел жағдайында қатаң бәсекелестің  ортада фирманың одан шығуға ұмтылуында пайданы ұлғайту мен тек қана аз уақытқа ғана емес, сонымен бірге ұзақ уақыттағы кезеңде де айналысуы тиіс.
    Практика көрсеткендей, осында осы немес басқа фирманың сайланған басшыларының тәртіптеріне байланысты мәселе туады.
    Сайланған басшылар өздерін жұмыста уақытша сезініп, пайданы ұлғайтуды өздері орнынан кеткенше жақсы сыйлық алуға үлгеру үшін тек қана аз уақыт кезеңінде жүзеге асыруға ден қояды.
    Ірі фирмалардың контракты бойынша сайланған басшылары, сайланған басшылар емес, максималды пайданы алудың бағдарламасын тек қана аз уақыт кезеінде ғана емес, сонымен қатар ұзақ уақыт кезеңінде де жасайды.
    Маржиналды теория мен пайданы көбейтудің моделі.
    Осы теория шекті табыс және шекті шығындар тепе-теңдігінде пайданы көбейту туралы тезиске сүйенеді.
    Шекті табыс – фирманың қосымша өндірілген өнімнің әр бірлігінен алынған қосымша табыс.
    Шекті шығындар - әрбір қосымша өнімнің бірлігінің өндірісімен байланысы қосымша шығындар.
    Шекті табыс – шекті шығындар жағдайы фирма жұмысы үшін жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында да қолданылады.
    Осымен қатар осында мыналарды есепке алу керек:
-жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар тек қана бір параметріне - өндірілген өнім көлеміне бақылау жүргізе алады;
    -жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалар екі параметрлерге - өндірілген өнім көлемі мен олардың бағаларына бақылау жүргізе алады. Бұл мына жағдаймен түсіндіріледі: фирма жетілмеген бәсеке жағдайында бағаға әсер ету мүмкіндігі бола тұрып максималды пайда беретін өндіріс көлемі мен бағаладың оптималды үйлесуіне табуы керек.







1.3. Фирма ішілік жоспарлау теориясы.
    
      Жалпы экономикалық теория фирма ішілік жоспарлаудың мәніне, міндеттеріне, мқсаттары мен кезеңдеріне көзқарастардың біртұтастығы әзірше жоқ.
    Сондық оның жүзеге асуының жалпы қабылданған негізгі элементтеріне тоқтаймыз.
    Жоспарлау – белгілі бір болашақта фирманың мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетістіктерге жету әдістерін талдау процесі, ол стратегиялық (ұзақ мерзімді) және ағымдағы (қысқа мерзімдегі) жоспарлау болып бөлінеді.
    Оның негізгі элементтері қатарына мына элементтер кіреді:
    -болжам жасау, мемлекеттік деңгейде жасалған ұлттық экономиканың және оның жекелеген аймақтарының даму болжамарына сүйене отырып, фирма өзінің болашақта дамуын зертеуді қарастырады;
    -жалпы міндеттерді қалыптастыру, бұл фирманың даму болжамдарының негізінде оның орындалуымен ресурстармен қамтамасыз етілуінің белгілі уақыты мен жүзеге асады;
    -фирманың әрбір бөлімшесімен жоспарды нақты орындау бағдарламаларын жасау, бұнда өндіріс сатылатын шикізат, материалдары дер кезінде жеткізуді, өндірістік және өткеру операцияларын есепке ала отырып байланыстыу;
    -фирмалар бөлімшесінің арасында ресурстарды бөлу фирманың ақшалай табыстары мен шығындары балансын құру бағдарламаларын жасау, онда шикізат, материлдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс шығындарының көрінісі орны алады.
    -осының негізінде фирманың әрбір бөлімшесінің функциялары, оларды орындаушылардың және бөлек процесстермен операцияларды орындауды жауапты адамдар анықталады;
    -аяқтаушы кезек – фирманың төменгі буындарына қабылданған шешімдерді тарату мен нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру басталады.
    Фирма ішін жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас, жоспарлауды ұйымдастырудың екі схемасы бар: жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға.
    -жоғарыдан төменге жоспарлау. Осы схема бойынша жұмыс жоғарыдан басталады. Фирма басшысы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда фирманың ең төменгі құрылымдарына және бөлімшелеріне жеткізіледі, олар бөлімшелер жоспарларына енгізіледі.
    -төменнен жоғарыға қарай жоспарлау.
    Жоспарлаудың осы схемасын қолданғанда фирманың төменгі бөлімшелері жоспарлық есептерді бастайды. Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уақыт кезеңіндегі фирманың шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді.
    Жоспарлаудың кез келген схемасын қолданғанда фирманың барлық бөлімшелерінің жоспарларының өндірістік және өткеру операцияларын жалпы үйлесімі мен сәйкестігі қажет.
    Фирма ішілік жоспарлаудың артық элементтері болып біртұтас жоспарлық баланста біріктірілеті пайда бойынша жоспар мен қаржы жоспары. Соңғысында фирманың тұрақтылығының көрсеткіштері көрініс алады.
    Фирма тұрақтылығының негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: активтер – жыл аяғындағы негізгі және айналымдағы құралдардың құны өнімдер мен қызметтерді өткеруден бір жыл ішінде түскен ақша құралдарының соммасы сатылу көлемі; нақты негізгі капитал, жер, ғимарат. Амортизациялық құны шегерілген қондырмалар мен жабдықтар; «кэшлоу» пайда мен амортизациялық түсімдердің құралатын кассалық түсімдер бұл фирманың қысқа мерзімді рентабелділігін анықтауға мүмкіндік береді.
ІІ тарау. Фирма шығыны мен кірісі.
2.1. Фирманың шығындары және олардың түрлері.
    
      Фирманың шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өніруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
    Шығындар – бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
    -өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.
    -өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.
    -өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
        Өндірістік шығындардың жіктелуі
          Сыныптау белгілері        Шығындардың бөлшектенуі
1.Экономикалық элементтер    Шығындардың экономикалық элементтері
2.Өзіндік құнның статьялары    Өзіндік құнның калькуляция статьялары
3.Технологиялық процестеге қатыстылығы    Негізгі, қосымша процестеге қатыстылығы
4.Құрамы    Бірэлементтік, кешенділік
5.Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі    Тілекелі, жанама
6.Өндірістік процестегі ролі    Өндірістік, өндірістен тыс
7.Мақсатқа сәйкес жұмсау    Өндірістік, өндірістік емес
8.Жоспарға қатысу мүмкіншілігі    Жоспарлы, жоспарсыз
Тұрақты, ауыспалы
9.Өнімнің көлеміне қатысы    Күнделікті, бір жолғы
10.Шығу мерзімділігі    Аяқталмаған өнімге кететін шығындар
11.Дайын өнімге қатысы    Дайын өнімнің шығындары

    Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амотизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
    Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына иәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

2.2. Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары.
    
      Шығындады жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
    Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
-ғылыми-техникалық прогрестің жетітіктерін пайдалану;
-өндіріс және еңбек ұйымдастыруды жетілдіру;
-экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыу.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімі ету – аруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалан отырып, шикізаттардың әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда недәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сай өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сай өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
- өндірісің техникалық деңгейін көтеру;
- өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
- басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.

Санат: Курстық жұмыстар!!! | Салған: Maxo | Уақыты: 19-12-2010, 12:53
Көрулер: 2803 | Жүктелді: 891 | Түсiнiктер : 2 | Рейтингі: 3.0/4
Барлық түсініктер: 2
2 Рууд   (08-04-2011 13:00)
жақсы жазылған ...

1 акмарал   (09-02-2011 21:51)
akmaral_ko@mailu.r

Түсініктерді тек сайтқа тіркелгендер ғана қоса алады!
[ Тіркелу | Кіру ]
Жоғары