ФИРМА ТЕОРИЯСЫ - Курстық жұмыстар!!! - WwW.Sabakka.Ucoz.Kz - Қазақша рефераттар,курстық және дипломдық жұмыстар т.б

Басты бет » Курстық жұмыстар!!!

ФИРМА ТЕОРИЯСЫ



8. ФИРМА ТЕОРИЯСЫ
8.1 Контракт түсінігі: мазмүны, таптері және басқару құрылымдары
Жаңа институционалды экономикалык теорля контрактіні институционавды келісімдердің бір түрі ретінде карастырады. Осы түрғыда, оның мазмұны мына түрде анықталады:
Контракт - белгілі институционалды шектемелер жағдайында индивидтердің ерікті және саналы таңдауының нәтижесі болып табылатын меншік өкілеттілігінің айырбасы және оны қорғау туралы келісім.
Осы аныктамадағы институционалды шектемелер келісімдерді бекітудегі шешуші шарттардыц бірі - оларды орындауға мәжбүрлеу механизмінің болатынын байқатады. Трансакция барысында туындайтын конфликт жағдайларының шешілуі дел осы мәжбүрлеу және сәйкесінше контрактінің кепілдік механизмін таңдауға тәуелді. Аталған өлшемдер (критерийлер) контракт типтері жіктемесінің негізін қүрайды. Институционалды экономикада контрактінің классикальщ, неоклассикалық және қарым - қатынастық (имплицитті) типтері ажыратылады.
Классикальщ контрактіде карым - катынастың барлык шарттары толық және айқын анықталады. Толық контракт жағдайындағы контрактілік қарым -қатынастың бірқатар ерекше белгілері бар. Біріншіден, контрагентгердің жеке қасиеттері маңызды емес, контракт шарттарын анықтауға әсер етпейді, кез келген басқа индивид кез келген уақытта контрагент бола алады. Сондыктан, бүл контракт негізінен стандарттауға ұмтылады, жазылған шартгар ауызша уәделерден артық. Екіншіден, контрактілік қарым - катьшас ең алдымен заңи нормалар мен формальды қүжаттарға, ережелерге негізделеді. Үшіншіден, контрактіні жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін конфликттерді шешу қүралдары дәл көрсетіледі, сот арқылы және контракт шартгары бүзылған жағдайда бүл контракт өздігінен, жедел жойылады. Сонымен, классикалық контракт толық контрактіге жатады, конфликт жағдайында контракт бүзылады және оның кепілі мемлекет болып табылады.
Неоклассикалъщ контрактация моделі негізінен орта және үзақ мерзімді келіссөздерді жасауда қолданылады және толық емес контрактіге жатады, өйткені болашақта орын алуы мүмкін барлық жағдайларды контрактінің шарты ретінде қарастьфып, көрсету қиын. Бүл контрактінің толық емес сипаты белгісіздіктің салдары болып табылады. Сондықтан, контрагенттер конфликт жағдайында сотқа емес, үшінші тараща, яғни арбитраж немесе үштік соттың кемегіне жүгінеді. Бүл контрагенттер арасындағы үздіксіз қарым - қатынасты сақтау кажеттігінен туындайды. Үшінші тарапқа сенім осы контрактіні бекітудегі маңызды шарттардың бірі болып саналады. Сонымен, неоклассикалық контракт толық емес, конфликт жағдайында мәміле аяқталғанға дейін тараптар қарым-қатынасының үздіксіздігін білдіреді және үшінші тарап контрактінің кепілі болып табылады.
56
 
Қарым - қатынастқц контракт ұзақ мерзімді, контрактіыің күрделілігі, өзара тиімді жағдайларда қалыптасады жөне толық емес контракт ретінде сипатгалады. Контрагентгердің бір біріне экономикалық тәуелділігі және қарым - катынасты сақтауға, жалғастыруға өзара мүдделігі осы контракттіге тән белгілер болып табылады. Партнерларды ауыстыру қиын, сондықтан қарым - қатынас үздіксіз, бейформальды нормалар формальды ережелерге қарағанда басымырақ. Кей жағдайларда келісім арнайы ресми қүжат түрінде бекітілмеуі де мүмкін, яғни, контракт шарттары айқын емес (имплицитгі). Контрагенттердің жеке қасиеттерінің маңыздылығы, бір біріне сенімдері жоғары, сондықтан, конфликттер сот немесе үшінші тарап арқылы емес, бейформальды келіссездер, екі жақты ауызша келісімдер арқылы шешіледі. Демек, қарым - қатынастык контракт толық емес, қатысушылардың үзақ мерзімді бірлескен іс-әрекеттерін білдіреді, контрагенттердің біреуі немесе екеуі бірдей контрактінің кепілі болады.
Контрагенттердің контракт типтерін таңдауы жүргізілетін трансакция сипатгамаларына тәуелді. Трансакцияның бірінші сипаттамасы - белгісіздік децгейі. Осыған байланысты, біріншіден, белгісіздіктің негізгі көзін (себептерін), екіншіден, оньщ болжамдану мүмкіндігін, яғни күтілетін нәтижелердің орындалу ықтималдылығын аньщтау кажет. Себебі, күтпеген жағдайлардың орын алуы контрагентгер мінез-қүлқының өзгеруіне, оппортунизмге әкелуі мүмкін.
Трансакцияның екінші сипаттамасы - келісімнің нысаны болып табылатын активтердіц немесе контрактіні орындау барысында қолданылатын ресурстардыц ерекшелілік дәрежесі. Ерекше активтердің алты түрі белгілі: 1. орналасуы бойынша (табиғи ресурстар, геосаяси артықшылықтар); 2. технологиялық ерекшелілік (арнайы компонент өндірісін инвестициялау); 3. адам капиталының ерекшелілігі; 4. сауда маркалары (тауар белгілері); 5. өндірістік инфрақүрылымды инвестициялау ерекшелілігі; 6. активтердің уақыт бойынша ерекшелілігі (арнайы ресурсқа қажеттілік тек белігі бір уақыт мерзімінде ғана болады). Активтердің ерекшелілігі бопсалау немесе моральды тәуекел формасында көрінетін контрактіден кейінгі оппортунизмнін орын алуына әкеледі. Бүл контрактілік қарым - қатынастың күрделелілік дәрежесінің және контрагенттердің өзара тәуелділігінің артуына, осы арқылы контрактінің үзақ мерзімге созылуына жағдай жасайды.
Трансаьсцияның үшінші сипатгамасы оның жиілігі болып табылады. Келісімдер жиілігінін үш деңгейін ажыратуға болады: бір мезгілдік, кездейсоқ және қайталанбалы. Трансакциялардың қайталануы маңызды, себебі бүл жағдайда жағымды масштаб әсері орын алады.
Контрактілі қатынастардың тиімділігін артгырудың бір елшемі ретінде трансакционды шығындарды барынша азайту мақсатында әрбір трансакцияға сәйкес басқару күрылымы қолданылады. О. Уильямсон контрактілі қатынастарды басқарудың терт түрлі қүрылымын қарастырады: рыноктык, үш жақты, екі жақты және бір жакты.
Классикалық контрактіні жүзеге асыруда рыноктық басқару тиімдірек. Себебі, бүл контрактінің типінде ерекше активке қаржы салынбайды, яғни "тансакция тек жалпы активке непзделеді және оппортунизм орын алған жағдайда карым-қатынас жедел бұзылады немесе заң жүзінде санкциялар қолданылады.
Үшжаңты басцару ерекше активті қолданумен байланысты, бір мезгілдік сипаттағы трансакцияларды жүзеге асыруда қажет. Ерекше актив өз кезегінде қарым - қатынастың үздіксіздігін сақтауға ынталандырады. Сондыктан, оппортунистік мінез-кұлыктың алдын алудың басқа балама жолдары қарастырылады. Оның үстіне үзақ мерзімді, күрделі сипаттағы контрактіні бекітуде оппортунизм қаупін күшейтеді. Демек, сот арқылы конфликтіні шешу маңызды қарым-қатынастьщ бүзылуына әкелуі мүмкін, сол себепті тараптар үшінші жақтың қызметіне жүгінеді. Аталған жағдай неоклассикалық контрактілік күкықка тән.
Ерекше активтерді инвестициялау қажеттігі жоғары, үнемі қайталанушы трансакцияларға негізделетін қарым-қатынастык контрактіде екіжақты және біржаідпы (унитарлы, бірлескен) бақару тиімдірек. Екіжақты басқаруда тараптардың дербестігі сақталады, бір жақты басқаруда трансакциялар рыноктық сигналдар арлылы емес, фирма ішінде әкімшілік шешімдер негізінде жүзеге асады. Бір тарап ресурсты пайдалану күқығьш, болашақтағы өзінін іс-әрекеттерін таңдау күкығын келесі тарапқа белгілі бір шарттар негізінде ерікті түрде өткізеді. Контрактіге қатысушы бір тарап кепілденген табысты ала отыра тәуекелден бас тартады, ол тәуекелге ңарсы түлға, ал қүқыктарға ие болған тарап бептарап тұлға ретінде қарастырылады. Бүл контракт жалдану контрактісі деп аталады. Екіжақты басқаруда сату контракты жүзеге асады. Сату контраюпісі - тәуекелге бірдей денгейде бейтарап түлғалар арасындағы және контрактіні орьшдау барысында жүзеге асырылатын міндеттерді анықтайтын келісім. Қатысушылардың пайдалалылықтары көрсетілген міндетгердің орындалуына тікелей тәуелді.
8.2 ¥йым сипаттамалары
Жалдану контрактісінде тәуекелге қарсы түлға болашақтағы өзінің іс-әрекетгерін таңдау қүқығын төуекелге бейтарап түлғаға ерікті түрде еткізеді, осы арқьшы билік цатынастары пайда болады.
Билік катынастарының түрлері: ♦ карапайым бақылауға негізделген қатынастар бақылау қүкығы кімге берілсе,
сол адам тікелей билік жүргізеді; ♦♦♦ күрделі билік қатынастары; бақылау қүқығы берілген тұлға оны өзінің
өкілетті, үшінші түлғаларына өткізеді; »♦♦ тұлғаландырьшған билік қатынастары, яғни басқару қүқығының нақты жеке
түлғаға берілуі;
*♦♦ үстанымды билік қатынастары - қоғамның институционалды кұрыльмында белгілі бір ұстанымға ие түлғаларға бақылау күқығының берілуі.
Жалдану контрактісі негізінде билік қатынастырының туындауы үйымның пайда болу алғышартын қүрайды.
 
Ұйым - билік қатынастары негізінде, яғни агенттің принцииалға өз әрекетін бақылау құқығын өткізуі арқылы қалыптасатын үйлестіру бірліктері. Тәуекелге бейтарап тұлға принципал, басқарушы, ал тәуекелге қарсы тұлға агент, орындаушы деп аталады.
Үйьмның негізгі сипаттамалары:
1.    қатысушылардыц жиынтығы;
2.    барлық қатысушылардың ұйымның, демек принципалдың мүдделеріне
сәйкес біртектілену деңгейі;
3.    билік катынастарының формальды құрылымы, иерархиялық күрделілік
деңгейі.
Экономикалық теорияда үзақ бойы рыноктық механизм шаруашылық іс-әрекетгі үйлестірудің дәстүрлі әдісі ретінде қарастырылып келсе, неоинституционалды теория фирма (үйьш) жене рынокты экономикалық үйымдастырудың балама әдістері ретіндегі көзқарасты қалыптастырды. Баламаларды тандаудағы басты мәселе - трансакцияларды жүзеге асырудағы барынша аз трансакционды шығындар. Баскаша айтқанда, игіліктер өндірісін рыноктық жолмен үйымдастырудың шекті трансакционды шығындары және фирманың қызмет етуіндегі шекті трансакционды шығындары салыстырылады. Мысалы, еңбек рыногында жеке индивидтер дербес түрде белгілі бір кызмет түрін (күрылыс, репетитор, даяшы, т.б.) рыноктьщ айырбаска үсынған жағдайда оның трансакционды шығындары (барлық түрлері бойынша) өте жоғары болады. Ал, аталған қызметгерді арнайы үйым қүру арқылы үсыну трансакционды шығындардың барынша азаюына әкеледі.
Алайда, ұйым трансакционды шығындарды толығымен жояды деуге болмайды. Себебі, үйым ііпінде әкімшілік басқару шығындары, сонымен қатар, оппортунизмнен қорғау шығындары орын алады. Ұйым көлемі үлғайған сайын, трансакционды шығындары үнемдеу тиімділігі де кеми түседі. Бүл ен алдымен оппортунистік мінез-қүлықтың алдын алу және мониторинг шығындарымен байланысты. Біріншіден, үйым мүшелерінің саны артқан сайын, мүдделер үйлесімділігіне қол жету, әсіресе принципал мүддесіне сәйкестендіру қиындай түседі, сондьщтан, принципал агенттердің іс-әрекеттерін бакылауға көп шығын жүмсауға мәжбүр. Екіншіден, үйым көлемінің үлғаюы күрделі билік қатынастарының орын алуына, бүл қүрылымдық езгерістер әрі агенттердін, әрі менеджерлердің іс-әрекеттерін бакылау шығындарының есуіне әкеледі.
Үйым келемі үлғайған сайын тиімділігінің кемуін Р. Коуз "менеджменттің кемімелі шекті тиімділігі" деп атайды. Оның пікірінше, рынокпен салыстырғанда үйымның (фирманьщ) есу шегі бар және ол трансакционды шығындармен байланысты. Басқаша айгқанда, фирма ішінде қосымша трансакцияйы үйымдастырудың шығындары осы трансакцияны рынокта жүзеге асыру шығындарымен бірдей болған жағдайда фирма көлемін үлғайту мағынасыз.
Үйымның тиімді көлемін таңдауға бірқатар факторлар әсер етеді: 1. активтердің ерекшелік дәрежесі; 2. белгісіздік деңгейі; 3. тараптардың тәуекелге бейімділігі; 4. келісімдер күрделілік деңгейі; 5. заңға бағыну және келеңкелік бағалардың аракатынасы.
 
Үйым ішіндегі қарым-қатынас «басқару-бағыну» сипатында болғандыктан индивидтердің мінез-кұлқын, яғни принципал және агент арасындағы қарым-катынасты реттеуші нормалар да рыноктық қарым-катынасқа тән нормалардан ерекшеленеді. Біріншіден, контракт шеңберінде іс-әрекетті бақылау қүқығына ие болған түлға немесе принципалдың мінез-күлқы күрделі утилитаризм нормасына сай, ал агент тек бекітілген сый ақыны алуға келісе отыра, пайдалылықты барынша арттыруға емес, оның белгілі бір деңгейіне қол жетуге ғана үмтылады (шектелген утилитаризм). Екіншіден, агентгің мінез-қүлкы мақсатгы бағытгалған іс-әрекет қағидаларына кайшы келеді, өйткені ол мақсатты таңдауда ерікті емес, керісінше ез іс-әрекетін тек принципалдың мүддесіне сәйкестендіруге бейім. Үшіншіден, сенім нормасы да бүл қарым-катынаста толык көрінбейді. Агент принципалға өз қүқықтарын өткізе отыра, оның шешім қабылдаудағы компетенггілігіне және контракт шарттарынан ауыткымайтына сенуге мәжбүр. Ал принципал агентке белгілі бір деңгейде сенімсіздікпен қарауға мәжбүр, өйткені агент жеке өзінің пайдалылығын емес, принципалдъщ пайдалылығын барынша арттыруға бағдарланады.
Тертіншіден, жалдану контрактісінде тараптар эмпатия нормасын да үстанбайды. Принципал агенттің келісетін ең төменгі сый ақы деягейін ғана біледі, сондыктан өзін оның орнына қойьш, әр жағдайға агент тарапынан қарауға, түсінуге үмтылмайды. Сондай-ақ, легализм нормасы да бүл қарым-қатынаста толық көрінбейді, өйткені контрактіні орындау барысында туындайтын конфликтгер заң арқылы емес, билікті қолдану, яғни принципалдың бүйрык, өкімдері арқылы шешіледі.
Қарастырылған жағдай принципал және агент арасындағы қарым-катынас бүйрық, өкімдер арқылы жүзеге асатындығын, демек рыноктык жүйе ішінде бүйрыққа, әмірге негізделген экономикалық қатынастардың болатындығын көрсетеді. Осы ретге, үйым миниатюрадағы әміршілдік экономика сипатьгада көрінеді.
8.3 Фирма кұрылымы
Фирма көлемі өскен сайын, принципал және агент арасындағы ацпарат ассиметриясымен байланысты шығындар да өседі. Себебі, шешім қабылдау бірнеше сатыдан өтеді, әр сатыда сапалы түрде жаңа ақпарат туындауы мүмкін, бүл фирма ішінде ақпарат ағымын және әр сатыдағы агенттердің іс -әрекеттерін, шешімдерінің шынайьшығын бақылауды күрделендіреді. Осыған байланысты, прищипал - агент мәселесі туындайды. Оның мәні тапсырманы орындауда, ақпарат асимметриясын пайдалана отыра, агенттің принцшалға ықпал ету, оны өз пайдалылығын арттыру мақсатьгада қолдану қаупінде. Принципал - агент мәселесі моралъды тәуекелдің көрінісі болып табылады. Оппортунистік мінез-қүлық шығындарын төмендету үшін стимулдар жүйесін қалыптастыру қажеттігі артады, себебі тікелей бақылау және мониторинг шығындары шамадан тыс кеп болуы және нәтиже бермеуі де мүмкін.
 
Оптималды контракттер немесе принципал — агент теориясы осыған байланысты негізгі үш нұсқаны ұсынады:
1.    агенттер жарысын ұйымдастыру;
2.    бірлескен іс - әрекет нәтижесіне агенттердің қатысуы;
3.    агенттердің коалщиясы ретіндегі фирма;
Бірінші нұсқа агенттер арасында бәсекені дамытумен байланысты. Басқалармен салыстырғанда жедел және тиімді жұмыс істеген агент жоғары деңгейде марапатталады. Бұл жағдайда агентгер бірінен бірі кейін қалмауға тырысады, осы арқылы олардың еңбек өнімділіктері жоғарылауы мүмкін. Алайда, аталған нұсқаның жағымсыз әсерлері де бар. Біріншіден, жоғары сый ақыға ұмтылу «қолайсыз (кері) іріктелуге» әкелуі, яғни фирмада тек тәуекелге неғұрлым бейім агенттер ғана қалуы мұмкін. Екіншіден, агенттер арасындағы бәсеке бақталастыкка ұласып, сенімнің жойылуына, демек, корпоративтіктілікті қажет ететін фирманың стратегиялық жоспарлары шешімін таппауы да мүмкін.
Екінші нұсқада агентгің алатын сый ақысы бекітілген сипатта емес, фирманың іс-әрекет нәтижесіне тәуелді белгіленеді. Жалдамалы жүмысшылардың пайдаға қатысу формалары, акционерлік кәсіпорынньщ капиталына қатысуы, олардың акцияларды жеңілдетілген бағамен сатып алуы осыньщ мысалы бола алады. Агенттің меншікке қатысуына қажет принципал ресурстарының шектеулілігі және оньщ тәуекелге бейімділігі аталған нүсқаның шектеуші факторларын қүрайды.
Үшінші нүсқада агенттер іс- әрекет нәтижесіне қатысып ғана қоймайды, сонымен қатар принципал қызметін кезекпен атқара бастайды. Мүвың маңызды ерекшелігі: агенттер арасында сенім қатынастарының пайда болуына және осы аркылы олардың іс-әрекеттерінің кооперациялануына мүмкіндік жасайды. О. Уильямсонньщ пікірінше агенттер арасында сенім қатынастарының пайда болуы нәтижесінде фирма ішінде иассоциативті атмосфера» қалыптасады. Ассоциативті атмосфера агентгер тарапынан оппортунизмнің орын алмауына жағдай жасайды. Ассоциативті атмосфераның үтымдары екі жақты қарастырылады: бір жағынан, бақылау шығындары үнемделсе, екінші жағынан, кооперация үтьшының жаңа көзі пайда болады, яғни тек еңбек белінісі емес, «командада еңбек ету» негізінде үтым артады.
Агенттердің коалициясы ретіндегі фирмада принципал - агент мәселесін «алтын ереже» негізінде шешу мүмкіндігі пайда болады. Оньщ мәні: принципал агентті оньщ отрақ іске қосқан үлесіне сай марапаттауы, ал агент принципалдың қойған міндеттерін, талаптарын адал орьшдауы қажет. Бүл нүсқаның таралуын шектеуші факторлар: а) агенттердің тәуекелге бейімділігі; ә) үйымға қатысушыяар саны шектелген, осы нүсқаның тиімділігі топтағы адамдар саны 5-10-нан кеп болмаған жағдайда жоғары; б) үйым мүшелері «әлеуметтік капиталға» ие болулары қажет, яғни өзара сенім, қолдау, ортак мүдде және мақсатка бірлесе еңбек ету, тіл табысу, басқаның пікірін, үстанымын сыйлау, т.б.
Прищшал және агент мәселесінің қарастырылған шешілу нүсқалары үйымның ішкі қүрылым модельдері негізін қүрайды. Негізінен фирма ішілік кұрылым модельдерінің терт типі кең тараған: унитарлы (У - кұрылым); холдингтік (X - құрылым); мулыпидивизионды (М - қүрылым); аралас (А -кұрылым). Фирма ішілік базалық құрылымдарды О. Уильямсон ақпараттарды өңдеу технологиясы бойынша жіктейді.
Унитарлы күрылым - функционалды белгілері бойынша дәстүрлі түрдегі іс-әрекеттіц ұйымдастырылуы. Басты ерекшелігі: билік қатынастарының орталықтандырылуы; мұнда негізгі шешім қабылдаушы да, бақылаушы да -принципал. Күрделі билік қатынастары орын алады. Ақпарат айырбасының күрделілігі (ақпарат ассиметриялығы) менеджерлердің рационалды мінез-қүлқын шектейді. Функционалды бөлімшелердің өз мақсатгарын кездеуі нәтижесінде агентгердің оппортунистік мінез-құлыққа бейімділігі артады. У-қүрыльшда принципал және агент мәселесінің бірден бір шешілу нүсқасы: шығындары барынша аз, ең жаңа бақылау әдістерін жасау, қолдану арқылы бақылауды күшейту.
Холдинпік құрылымда шешім кабылдау және агенттердін іс -әрекеттерін бақылау барынша орталыксыздандырылған. Прицшал тек қана каржы мәселесі бойынша бақылау қызметін атқарады, ал агент пайданы бөлуден басқа барлық қызметгерді атқарады. Принципал агентгерді жанама түрде, яғии олардын жарысы негізінде бақылайды. Аталған күрылымның кемшіліктері агенттер арасында бәсекені дамытудан туындайды. Егер агенттер арасында бәсеке емес, консолвдация орын алса, бүл қүрылымның тиімділігі артады.
Мультидивизионды қүрылым қаржылық тұрғыда өзін-өзі ақтау қағидасына негізделген жартылай автономды өндірістік қүрылымды калыптастыру. Бүл пайда орталыктары деп аталатын қүрылымдар. Осы қүрылымда стратегиялык шешімдерді қабылдау - орталықтандырылған, ал жедел бақылау және басқару - орталыксаздырылган, демек, жоғары менеджерлер күнделікті рутиналық жүмыстан босап, агенттер өз децгейлерінде тактикалық шешім қабылдауда еркін. Агентгердің қаржылық өзін өзі ақтау қағидасы олардың фирма іс-әрекетінің нәтижесіне қатысуға мүмкіндік береді, принципал пайданың бір бөлігін фирманың ортақ мақсатына сай қайта белу қүкығына ие.
Аралас қүрылым базалық корпоративті қүрылымдардың модификациялануымен байланысты, фирманың әр белімшесінде әр түрлі қүрылым орын алуы мүмкін.
Сонымен, кез келген үйымньщ қызмет етуінде принщшал және агент мәселесі орын алады. Аталған мәселе негізі үш нүсқада шешімін табады. Принципал және агент мәселесінің шешілу нүсқалары өз кезегінде базалык фирма ішілік қүрылым типтерінің табиғатын түсіндіруге мүмкіндік береді.

8.4 Фирма типологиясы
Фирма ішілік қүрылым модельдерін түсіндіруде трансакдионды шығындармен катар, ұйымның өткен даму траекториясына тәуедділігін ескеру    қажет.    Басқаша    айтқанда,    фирманың    үйымдық    дамуы    оның қүрылымдык өзгерістердің ерекше траекториясына сәйкес қозғалысы ретінде түсіндіріледі.
Үйымның дамуындағы тарихи тәуелділік әсері фирма ішілік катынастарды үйымдыц мәдениет және рутинаның болуынан байқалады.
Ұйымдык мәдениет - үйьш мүшелерінің қарым - қатынасын реттеуші және олардың ұжымдық білімі мен тәжірибесінің көрінісі болып табылатын. нормалар, ережелер және дәстүрлер жиынтығы.
Ұйымдық мәдениет бизнестегі табыстылықтың түйінді кұрамдас белігі болып табылады. Оның негізінде принципал және агент арасындағы кдрым -қатынастың белгілі бір типі калыптасады. Ұйымдық мәдениет арқылы агент принципаддың болжамданбаған жағдайлардағы шешім қабылдауын бағалай алады, бұл ұйымдық мәдениеттің түсіндірмелік қызметі ретінде қарастырылады. Демек, бір уақытга қалыптасқан үйымдық мәдениет принципал және агент арасындағы қарым - қатынас типінің түбегейлі езгеруіне кедергі болады. Үйымдық мәдениет үлттык мәдениеттің ықпальшен қалыптасады және өзгереді.
Фирманьщ күнделікті қызмет етуінде рутинаның алатын орны маңызды. Осы ретте, рутина «іс-әрекетті үнемі кайталау арқылы есте сақтау» ретінде анықталады. Рутинаның маныздылығы үйым мүшелері арасында ақпарат ағымын қамтамасыз ету және жеңілдетумен түсіндіріледі, яғни ол ұйым мүшелерінің акпаратты алу, түсіну, қалыптастыру, жалғастыру қабілеттерінің негізін қүрайды. Кез келген ұйымда езіне ғана тән «ұйымдық диалект» болады. Рутина үйым ішінде ақпарат асимметриясын төмендетіп, бакылауды жеңілдету арқылы принципал - агент мәселесін шешуге, сонымен қатар үйым мүшелері арасында қалыптасқан қарым - катынастардың үдайы өндірілуіне жағдай жасайды.
Принципал және агент арасындағы белгілі бір қарым - қатынастар типі үйымдық мәдениет және рутина негізіңде жинақталады жөне бекітіледі. Сондықтан, үйымдық дамудың бастапқы жағдайларын, шарттарын білу маңызды. Әсіресе, ұйымдық дамудағы үлттық ерекшеліктер фирма ішілік қүрылым модельдерінен, сондай-ақ фирманың мақсатты функциясынан, фирманың қызмет етуіндегі басқа да параметрлерінен байқалады. «Дамудың тарихи тәуелділік әсері» түрғысында кәсіпорынның негізгі төрт идеалды типтері ажыратылады:
1.    еміршілдік экономика жағдайындағы кәсіпорын;
2.    американдық фирма;
3.    жапондық фирма;
4.    өтпелі типтегі кәсіпорын.
Әміршілдік экономика жағдайындағы кәсіпорын пайданы барынша арттыруға емес, жоспарды орындауға бағдарланады. Бүл кәсіпорында принципал және агент қарым - қатынасы үш деңлейде орын алады. Заң бойынша енбекшілер принципал болды, олар кәсіпорынның іс-әрекетін бакылау қүқықтарын өкілетті орган - жоспарлаушы орган арқылы жүзеге асыруға тиісті еді. Іс жүзінде, жоспарлаушы орган ғана бақылауды жүргізіп, агенттен  бірегей  принципалға  айналды.   Кесіпорынның  барлык  келденен байланыстары (өндіріс, өткізу қүрылымы) тікелей тігінен байлаыыстар арқылы ғана жүзеге асырылды. Бұл кәсіпорындағы еңбек қатынастары да ерекше, шамадан артық жумыспен қамту формасында орын алды. Жүмысшылардьщ жалақысы олардың үлесі бойынша емес, теңгермешілік қағидаға сәйкес тағайындалды. Осы арқылы, бюрократия еңбекшілерден тартып алған бақылау күқығының орнын толтыруға тырысады.
Американдық фирма бәсекелі нарықта пайданы барынша арттыруға ұмтылады. Бұл принципалдың, яғни осы фирма акционерлерінің мақсатты функциясынан туындайды. Акционерлердің басты мүддесі - бір акцияға шаққавдағы табысын барынша арттыру, бүл фирманың жыл соңындағы бөлінбеген пайда көлеміне тәуелді. Аталған пайда көлемі агенттердің, яғни жалдамалы менеджерлердің іс-әрекетімен анықталады. Принципал және агент қарым - катынасы осы фирмада екі деңгейде орын алады.
Акционерлер мен менеджерлер арасында принципал-агент мәселесі екі жақты - «дауыс беру» және «шығу» механизмдері арқылы шешіледі. Акционерлер өздерінің бақылау күкықтарын жүзеге асыруда акционерлер жиналысына қатысып, директорлар кеңесі қүрамын өзгерте алады («дауыс беру») немесе акцияларын сатып, менеджерлердің қызметіне наразылығын білдіреді («шығу»). Менеджерлер және жүмысшылар арасындағы принципал-агент мәселесі еңбекті үйымдастырудың қағидалары мен ережелері жүйесі -фордизм негізінде шешіледі. Американдық фирмада өндірістік және өткізу байланыстарының қүрылымы трансакционды шығындарды барынша азайтуға тәуелді.
Жапондык фирмада «екі жақты бақылау» жүргізіледі, сыртқы акционерлер (аутсайдерлер) және фирма жүмысшылары (инсайдерлер) қатар принципал қызметін атқарады. Ірі акционерлер (банктер) фирма акцияға қалыпты табысты қамтамасыз еткен жағдайда, ағымдағы бақылауды жүргізбейді. Ағымдағы бакылауды фирма жұмысшылары жүзеге асырады. Демек, жапондық фирма агенттер коалициясы моделіне жақын, сондықтан бүл фирмада классикалық түрдегі принципал - агент мәселесі орын алмайды. Оньщ үстіне, жапон фирмасындағы универсалды жұмысшы саясаты және «өмірлік жалдану» концепциясы да айтылғанның дәлелі бола алады. Жапон фирмасында пайданы барынша арттыру басты мақсат емес, фирма бақылайтын рынок үлесінің үздіксіз өсуін қамтамасыз ету бұл фирмадағы басты мақсатгы күрайды. Өйткені, аталған өсу ұйымдық экспансияға, құрылымның дамуына және ұлғаюына жағдай жасайды.
Жапондық фирманың аралық фирмалармен және мемлекетпен қарым -қатынасы да ерекше. Аралық фирмалармен байланыста репутация негізінде трансакционды шығындарды үнемдеумен катар, тәуекелді бөлу мотиві орын алады. Бұл фирма мемлекетген толық дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылмайды. Мемлекет корпоративті мүдделер және қоғам мүддесі арасындағы арбитр, корпорациялар күресіндегі тепе-теңдікті сақтаудың кепілі ретінде қарастырылады.
Өтпелі типтегі фирма еңбек үжымын сақтауға, «аман қалуға» бағдарланады.   Формальды   және   нақты   меншік   күрылымдары   арасында сәйкессіздік орын алады. Осы кәсіпорынға агенттер оппортунизмінің шешімі табылмауы тән. Өндірістік байланыстар құрылымы трансакционды шығындарды барынша азайтуға емес, қалыптасқан қарым - қатынастарды сақтауға ұмтылу негізінде қалыптасады.
Фирманы контрактілер желісі ретінде карастыру, фирма ішінде меншік өкілеттіліктерінің контракт шеңберінде бөлінетіндігін білдіреді. Меншік қүкыктарының бөлінуі арқылы фирманың үйымдық - қүқықтық формасы анықталады, бұл өз кезегінде фирма ішілік трансакция шығындарының көлемі мен қүрылымына және стимулдар жүйесіне әсер етеді.
Фирманың әртүрлі типтеріне А. Алчиан және Г. Демсец анықтаған бес негізгі меншік өкілеттіліктерінің бөлінуі сәйкес келеді:
1.    қалдық табысқа кұкык (төлемдерді өтегеннен кейін қалатын табыс);
2.    ұйымның басқа мүшелеріне бақылау жүргізу кұқығы;
3.    ұйым мүшелерімен келіссөз жүргізуге құқык (орталык агент);
4.    командаға мүшелікті езгертуге құқық;
5.    барлық меншік өкілеттіліктерін бірден және біртіндеп саты құқығы.
Индивидтердің    командадағы     орны    мен    ролі     аталған    меншік өкілеттілдіктеріне ие болуына байланысты анықталады.
ТҰЖЫРЫМДАР:
1.    Контракт     белгілі     институционалды     шектемелер жағдайында
индивидтердің ерікті және саналы таңдауының нәтижесі болып табылатын меншік өкілеттілігінің айырбасы және оны қорғау туралы келісім болып табылады.
2.    Үйым - билік қатынастары негізінде, яғни агенттің принципалға өз әрекетін бақылау құқығын еткізуі арқылы қалыптасатын үйлестіру бірліктері.
Тәуекелге бейтарап тұлға принципал, басқарушы, ал тәуекелге қарсы тұлға агент, орындаушы деп аталады.
3.    Приципал және агент мәселесінің шешілу нұсқалары ұйымның ішкі құрылым модельдері негізін құрайды.
4.    Фирма   ішілік   құрылым   модельдерін   түсіндіруде   трансакционды шығындармен қатар, ұйымның өткен даму траекториясына тәуелділігін ескеру
қажет. Осы ретте кәсіпорынның идеалды типтері ажыратылады.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ТҮЙІНДІҰҒЫМДАРЫ:
     ассоциативті атмосфера
ерекше актив    
жалдану контрактісі контракт
классикалық контракт қарым - қатынастық контракт неоклассикалық контракт ұйым

Санат: Курстық жұмыстар!!! | Салған: Maxo | Уақыты: 19-12-2010, 12:51
Көрулер: 2277 | Жүктелді: 107 | Рейтингі: 2.0/1
Барлық түсініктер: 0
Түсініктерді тек сайтқа тіркелгендер ғана қоса алады!
[ Тіркелу | Кіру ]
Жоғары