ФИРМАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ - Курстық жұмыстар!!! - WwW.Sabakka.Ucoz.Kz - Қазақша рефераттар,курстық және дипломдық жұмыстар т.б

Басты бет » Курстық жұмыстар!!!

ФИРМАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



                                                            КІРІСПЕ
    
    Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше косіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым-ды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады олардың маңыздысына меншіктің формалары жэне фирманың көлемі жатады.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіигі (шағын), орташа жэне ірі бизнес болып бөлінеді.
    Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын кұрайды. Бунда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise -жеңілдік)   жүйесі   мен   венчурлік   (venture-бел   байлау,   тәуекел   ету) кәсіпкерлігі жатады.
    Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерпиялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені косіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.
    Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық
емес ұйым ретінде  - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
    Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі - барынша коп пайда табу болады.
    Нарыктық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент (ағылшынша «managment» басқару)
шешімдер кабылдап,оларды орындауға бағытnалған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану вариантарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру көзделеді.
    Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін баокару кызметі меншік иесінің өкіліне  - менеджерлерге көшеді.
    Маркетинг теориясы АҚШ-да сату мәселелерінің шиеленісуіне жауап ретінде туып, тек тауарлар мен кызметтерді өткізу сферасын қамтыған (сауданы, жарнаманы, несиені т.б.). Өндіріс сферасы маркетингтік қызметіне жатпаған. XX ғ. 40—50-ші жылдары маркетинг нарықтық басқару теориясымен ұштасып, менеджменттің кұрамды бөлігіне айналды.
    Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - фирма туралы толық зерттеп, оның менеджменті мен маркетингін айқындау.
    Осы мақсатпен байланысты келесі міндеттерді шешу қажет;
1.        Фирманы ұйымдастырудың негізгі нысандары зерттеу;
2.        Фирманың іоәрекеттері мен даму стратегиясын айқындау;
3.        Фирманың менеджментін зерттеу;
4.        Фирманың маркетингітік мәселелрін қарастыру. Курстық жұмыстың
           кіріспеден, екі тараудан, корытындыдан және пайдаланылған әдеьиет  
           тізімінен тұрады.

1 ТАРАУ.     ФИРМАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1.      Фирманы үйымдастырудъщ негізгі нысандары
    
    Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше косіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым-ды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
    Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
•   индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
•   серіктестік немесе партнерлік;
•   корпорация (акционерлік қоғам).
    Индивиду алдың (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі капиталының аз мөлшерде болуы.
    Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.
Серіктестік (партперлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.     Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
•  шаруашылық     дами     түскенде     қаржы     ресурстарының     тапшы-лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
•   фирма     мүшелерінің     барлығы      бірдей     іс-әрекет     мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
•   фирма   табыстары   мен   шығыстарындагы   бірге   тапқан   мүліктерді бөлудегі   эр   кісінің   үлес   салмағын   анықтаудың   қиындығы.    Брокерлж кеңселер, аудиторлық фирмалар,  қызмет корсету сферасының мекемелері жэне т.б. кобінесе, серіктестіктер формасында үйымдастырылады.
Корпорация деп бір заңды түлга болып бірлесіп, кәсіпкерлік кызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне қүқықтар акцияларға сэйкес болшектерге болінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар үстаушы, ал корпора-цияның озі акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация сальны салынады. Акциялардағы үлестеріне сэйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар     мен     облигацияларды     сатып     ақша     капиталын     іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
•акционерлер құкықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыкқа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға катынаса алу құқығы жатады. Акционер зандық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару кызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;
•  корпорацияның тұрақты кызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
•   акция    ұстаушыларға    дивиденд    түрінде    толенетін    корпорация табысының болігіне    екі жақты (екі рет)     салық салынуы:  біріншісі -корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі - акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
•  экономикалық      бей әрекеттердің,      қылмыс      жасауға      қолайлы мүмкіңдіктердің мол болуы;
•  меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады,     менеджерлер оны азайтып акшаны айналыска жіберуге тырысады.
    Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артыкшылықтары одан көп.
    Фирманың көлеміне сәйкес бизнес көлемі кішкене (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.
    Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын кұрайды. Бунда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise -жеңілдік)   жүйесі   мен   венчурлік   (venture - бел   байлау,   тәуекел   ету) кәсіпкерлігі жатады.
    Франчаииншгке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын акшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
    Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім
нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмелдеуіне сәйкес келмесе, күйін күту мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
    Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түңғыш рет АҚІІІ-да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазакстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, ойткені ол көп мәселе шешеді:
• Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін    соншама   көлемді   капитал   салымынсыз   тұтыну   тауарлары   мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;
халықтың матермалдық және қаржылық қаражаттарын ондіріске тартуі  көмектеседі;
• Ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші    бизнестің    әлеуметтік-саяси    мағынасы    да    зор:    ол    коғамның тұрақтылығының кепілі  болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
    Бұның іиікі және сыртқы себептері аз емес;
    Ішкі факторлар;
    Банкілермен байланыстың нашарлығы.
    Сыртқы факторлар;
    Қисынсыз салық жүйесі;
    Заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;
    Криминалдық прессинг;
    Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыттан жүрізу қажет;
    Шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
    Нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
    Шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.
Орташа бизнестің ролі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкі  немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға  арналған техника жасау, қала сағат-тарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең түрақтысы. Оның нарықтағы монополдык, болмысы көпшілік түтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Енді мынадай сұрақтардың реті келіп түр:
1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
2. Фирмалар не үшін құрылады?
3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, неліктен  барлық экономика «жаппай, түгел» нарық түрін алмайды?
    Баршаға мәлім, нарык бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостан-дыққа шек қояды. Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың оз мүшесі өздерінің жеткізушілері мен жаб-дықтаушылары және сатып алушылары  туралы, келіссөз жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондык (лат. trnsасtіо «келісім») шығындар деп аталады.
     Бүл шығындар нарықтық агенттердің бір-бірімен қатынаста-рын келістіру процессінде пайда болады. Егер экономика тек жал-ғыз физикалық түлғалардан тұрып, «жаппай, тағы» нарық болса, миникелісімдер өте көп болғандықтан, трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы үйымдастыру, осы шығындарды төмендетудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықтық механизмді шектеп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесінің қымбат болған-дығына жауап ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шынында, трансакцияларды нарықтың көмегінсіз,
фирманың   ішінде   жасау   арзан   түседі   екен.   «Иерархия»   (фирма)   мен
нарықтың бір-бірінен артықшылығы жоқ.
Нарықтық   және    әкімшілік   реттеу   тетіктерін   салыстыру    арқы-лы,
фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың
шекті     шығындары     мен     әкімшілік     бақылауды     қолда-нудың     шекті шығындарының тендесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «Иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін -      нарық пайдалы.
*Фирманың оптимаддық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың
интелекциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.
Фирма теориясында фирмалар тік  және  көлденең  интеграци-яланған
фирмалар болып бөлінеді.
 Интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары
сатысына  дейін  (мысалы,  мұнайды   өндіруден  бастап  одан  шығарылған
өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
    Көлденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың
бірлстігі. Көлденең интеграцияның бір түрі - - диверсификация (ағылшынша
diverсаtіоn - саналуан,  көптүрлілік).   Бүл,  бір-бірімен  технологиялық
байланысы    болмайтын,    саналуан    фирмалардың    бірлестігі.    Мысалы,
химиалық концерн «Дюпон-де-Немур» химиялык тал жіп (талшык), дәрі-
дәрмек      рефрижератор-лар, үшақтар ондірістерін біріктіріп отыр.
    Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» дегең     категорияға  мазмұны   жағынан   жаңа  толықтама  енгізілді.   Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдык-кұқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншікті  жоқ  коммерциялық  ұйым   деп,   өйткені жоспарлы   экономикада меншікті иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек озімен өзі    іс-әрекетте    болды, өйткені    косіпорындарының    өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген  меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып кала берді.
    Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдык, емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индиімідуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық үйымдар, Бүлар үшін экономикалық жағы-нан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудын ешқандай мағынасы болмайды. Бүларда басқа мақсат; кәсіпорын кұру мес, «бір түлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни
шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммер-циялық
ұйым емес ретінде - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
    Нрықтық түсінім жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерек-ше ұйымдастыру қүқықтык формасы емес, ол тек мүліктік кешен ғимараттардың, қүрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болы табылады. Ол унитарлык бола-ды, ойткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде (мемлекеттің, муниципалдық құрыльмдардың) болады, сондықтан  жүмыскерлердің арасьнда бөлініске түспейді.
    Санитарлық    кәсіпорының    бір    түрі    федералдық    қазыналық
кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдык унитарлық кәсіпорындар заңды  түлға болады.
    Занды тулғаға өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайда-лануында, акшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшелерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Занды түлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
    Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп түтатын үйымдар жатады.
    Коммерциялық   емес   ұйьмдарға   пайда   табумен,   оны   мүшелерінің арасында бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
    Коммерциялық ұйымдардың формалары:
    Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
    Өңдірістік кооперативтер;
    Мемлекеттік      және      муниципалдық      унитарлық      кәсіпорындар. Шаруашылық  серіктестіктер  мен  қоғамдардың  мынадай  формалары болады:
    толық серіктестік;
    сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);
    жауапкершілігі шектелген қоғам;
    қосымша жауапкершілігі бар қоғам;                                       
    акционерлік қоғам (ашық, жабық); балалық және тәуелді қоғамдар.
    Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарама-ғындағы мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорционалдық түрде бөлінеді. Бір толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, немесе, бірнеше  мүше салымшылар (коммандистер) болса, онда бүндай серіктестіктер сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Коммандистер салығын қауіпіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайды. Бұлар серіктестіктің пайдасьнан қосынды капиталдағы өздері салымдарына сәйкес бөлімін алады.
    Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салықтардың құны көлеміңде шығындар кауылына жауапты болады.
    қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
    Акционерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санымен бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциалары құнының шамасында болады.
    Ашық  акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады.
    Жабық  акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның кұрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.
    Барлық  шаруашылық  қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін кұрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.
    Тәуелді  қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық ацияға ие болған жағдайда орын алады.
    Өндірістік  кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер  атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.
     Унитарлық қәсіпорын - бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге  меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.
    Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық, неме, діни мекемелер, кайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.
    Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемі негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну коопира тиві деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызкерлерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.
    Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ, бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін (мысалы балауыз шам, крест, шіркеулердің тізбек бауларын жасау) кәсіпкерлік кызметпен айналысу құқы  болады.
    Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.
    Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.
    Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақтасып бірлесуі мүмкін.
               
                     1.2.     Фирманың іс-әрекеттері мен даму стратегиясы
    Фирма  теориясы   негізін   барынша   көп   пайдаға   ие   болу   принципі құрайлы,   яғни   табыстар   мен   шығындардың   айырымының   көп   болуы.
    Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериа  бойынша көп пайда табу болады.
    Қысқа  мерзімге фирманың өндірісте пайдаланатын құрылыстарының
жалпы  көлемін   және  машиналар   мен   жабдықтардың  көлемін   өзгертуге
жеткізуге  болатын   уақыт   мерзімі   жатады.   Осы   мерзімде   олар   өндіріс
көлемінің өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды, тұрақты болып қала береді.
Өндірістің басқа факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан
олар     өзгермелі деп аталады.
    Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа ғимарат
салып алу мүмкін емес, бірақ қосымша материалдар сатып алуға, немесе,
жаңа жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.
    Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа
жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде қысқа мерзім
өзінің ұзақ болса, балмұздақ өңдірісінде ол өте аз болады.
    Ұзақ  мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты, фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін, уақыт мерзімі жатады.
    Ұзақ мерзімде фирма барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде фирма факторларды келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылатын өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен немесе керісінше алмастырып отырады.
    Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы ықпал жасайды. Енді фирманың жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс-қимылына назар аударайық. Фирманың мақсатын баға мен шығыңдардын ара алшақтығын барынша көтеруді естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирма өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының бір-біріне әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз өнімінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айрылады, олар бұны бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендсйді. Фирма бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының қимыл-ісі осы косіпорындағы технологиямен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек өндіріс көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда алу үшін фирма қанша оны, өндіріп сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің нарықтық бағасы мен фирмаларының шекті шығындарын салыстыру қажет.
    Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш, т.б. бірлікке өсіріп отырса, онда келесі бірлігін  әрбіреуі (айтайық жаңа орындықтың әр біреуі) жалпы табысқа да жөн жалпы шығындарға да «бірдеме» қосып отырады. Осы «бірдеме» шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның  алдлығындарға косқанынан артык, болады.
    Батыс экономикалық әдебиетіндегі фирма теориясы пайданы барынша көбейту принципіне негізделген. Бірақ фирма әрекеттеріне басқа да мотизация беру аз кездеспейді кейбіреулер фирманың мақсаты пайданы барынша көбейту емес, сату көлемін көбейту дейді;
    Басқа концепция бойынша, американлық профессор Г.Саймонның «қанағаттандыру» теориясы бойынша, фирма тек пайданың белгілі дәрежесін көздейді, ал бұған жеткен соң, оны одан әрі қара барынша жоғарылату үшін әрекет етпейді.
    Винтердің «эволюциялык теориясының» дәлелдеуі бойьшша, фирмалар барынша көп пайда табуға тек талаптанады, бірақ оны таба алмайды, тапқан болуы тек кездейсоқ жағдайда мүмкін болады.
    Уақытқа (қысқа, немесе, ұзақ мерзімге сәйкес) және бәсеке жағдларына байланысты, фирма өзінің стратегиясын тұжырымдайды.
    Стратегия бұл фирманың негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін тандау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.
стратегия екі типке бөлінеді:
Қорғаныстық  стратегиясының  екі бағыты болады:
Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп азайтуға назар аударылады.
    Фирма нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнім пайда болуын күтіп отыр  және ресурстарын ұқсас өнім, немесе, оның прототипін (түп түлға) енді жұмылдырады.
    Күту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойы осы нарықтан кетуді жоспарлағанда, немесе, басқа бәсекелес осы нарық қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданады.
    Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:
Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сылақ жүргізуге пайдаланатын балалық және венчурлік компанияларға қаржы қолдау көрсетіледі.
    Квотаны (шығаратын өнімнің - санын) дифференциациялау стртегиясы. Бұның мақсаты жоғары пайданы сақтап, фирма үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен фирма өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынулық сұранысты өсіруді көздейді.
Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын, сонымен бірге негізгі қорлар өндірісінің жаңалануын және инновацияларды жаңа жер мен технологияға енгізуді тілейді. Инновациялар өнімдік және техникалық болып бөлінеді.
    Инновация жаңа өнім  бағасын көтеру арқылы фирмаға өз пайда барынша көбейтуге мүмкіндік береді.
    Геологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.
    Нарықтың қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл жүзеге асыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдік болжаумен және жоспармен  қарастырылған  шығындардың немесе табыс түсірген ықтималдығы. Тәуекелдіктің маңызды түрлері:
Өндірістік;
Коммерциялық;
Қаржылық;
Несиелік;
Проценттік;
Коммерциялық қатер — кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізуіне байланысты процестерде туады.
Қаржылық   қауіп-қатер қарызға     алынған     қаражаттар     мен
кәсіп  барлық қаржыларының арасындағы өзара байланыстан пайда болады№
Несиелік қауып -  қарыз алушының оны қайтара алмайтын мүмкіндіктің болуынан байланысты.
    Проценттік қауіп-қатер  - процент нормасының өсуіне байланысты, құнды іс қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндігімен байланысты болады.
    Дегенмен де мынадай пікір қалыптасқан: қауіп-қатер болу мүмкіндігінің дәрежесі осы іс-әрекеттерге қатынасатын адамдар санына керісінше пропорционалды болады.
    Қауыпа-қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру кемлісімін кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сондықтан осындай тәуекелдіктің жөні бар деуге болады. Сақтандырылмаған қауіп-қатер (тәуекелдік)  - фьючерстік келісім жасау арқылы хеджирлендірумен (жеткізуші, немесе сатып алушы бағалардың ұнасыз  өзгерістерге ұшырау мүмкіндігінен сақтандырылады) және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.

Санат: Курстық жұмыстар!!! | Салған: Maxo | Уақыты: 19-12-2010, 12:55
Көрулер: 2290 | Жүктелді: 94 | Рейтингі: 3.2/4
Барлық түсініктер: 0
Түсініктерді тек сайтқа тіркелгендер ғана қоса алады!
[ Тіркелу | Кіру ]
Жоғары