Несие операцияларының сипаты - Курстық жұмыстар!!! - WwW.Sabakka.Ucoz.Kz - Қазақша рефераттар,курстық және дипломдық жұмыстар т.б

Басты бет » Курстық жұмыстар!!!

Несие операцияларының сипаты



Несиелік  мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатнастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міңдетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттеріне қарама-қайшылықтың бірлігі  сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие операцияларының сипаты. Несие операциялары коммерциялық  банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені оны табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейленуі мен банкроттыққа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеп соғады;
Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды шоғырландыруға шақырылған;
Үшіншіден, бұл қызметті табысты жүзеге асырған кезде оның барлық қатысушыларына-несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай трде қоғамға пайда әкеледі.
Несие операциялары-бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгіл бір сомасын беру бойынша қатынасы.
Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келсімде көрсетілген  негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі түсіндіріледі. Бұл ерекшелік несиені тауар-ақша қатнастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық несиенің негізгі белгісі болып саналады.
Банк несиенің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін қызметінің өтелетін сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін, негізінен, сыйақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты бойынша тараптар белгілейді.
Несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни жеделдік-оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың  қарыз алушының иелігінде болуының шекті мерзімі болып саналады.
Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағидаларынабойынша жіктеледі тағы несиенің  қайтарушылығын қамтамассыз етуді қосуға болады.
Қамтамасыз ету-бұл кепілге беру, банк кепілдері, сақтандыру және заңдылықтармен, сондай ақ  әріптестер арасындағы шартпенен қаралған өзгеде тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың тәсілі.
Банк несиелері келесі белгілер  бойынша жіктеледі:
-    мақсатты белгілену бойынша (тұтыну, сауда, ауылшаруашылық, инвестициялық және т.б.);
-    қайтару мерзімдері бойынша ( қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді);
-    қамтамасыз етушілік дәрежесі бойынша ( қамтамасыз етілген  және қамтамасыз етілмеген);
-    пайыздық ставкалар түрлері бойынша ( пайыздық ставкасы белгіленген және пайыздық ставкасы өзгеріп отыратын несиелер).
Банктің қарыз алушылармен  несиелік қатынасы және несие шартының рөлі. Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты экономикалық өмірдегі баніктің рөлін  көрсетеді.
Нарықтық экономика кезінде коммерциялық банктер несиелік қатынасын көптеген клиенттермен байланысты құр отырып,күрделі мәселелерді шешеді. Осылардың барлығы несие берудің аса ауқымды процесі арқылы жүзеге асады.
    Несие беру-сауда, кәсіпкерлік қызметпен пайда табуды қамтамасыз ететін бактердің маңызды операциялары болып саналады.
    Несие беру теориясы мен тәжербиесінде банктің қарыз алушылармен өзарақатынасының жалпы негіздері мен қағидалары, терең психологиясы бар екендігін әлемдік тәжербие дәлелдейді.Несие беру: субъектілердің  несие беру прцесіне қатынасы; несие берушілермен қарыз алушылардың өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткіліктілігі; қарыз алушылардың ссудаларды пайдалануы; қарыздардың болуы сияқты көптеген проблемаларды қамтиды.
    Банк қарыз алушылармен несие қатнастарын  орнату үшін клиенттің несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің несиеге объективті қажеттілігігн білу және несиені қарызға, тек субъективтік қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзарақатнастардың беріктігін және ссудаларды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.
    Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере  отырып, тәуекелге  барады, сондықтн несие беру процесінің маңызы ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылаумен мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие берушімен қарыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді.
    Нарықтық ортада несие беру бизнесі  тұрғысынан отандық банктер үшін ендігі жерде талдау техникасымен несие беру процедурасы емес, ең негізгі болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады.Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптардыда енгізеді.
    Банк қарыз алушыға несие беру процесі басталмай тұрып тәуекелді жою немесе оны төмендету мақсатымен әлуетті қарыз алушыға талдау жасайды . Банктің бұл мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қаблетін анықтауға бағытталған.
    Әлуетті  қарыз алушыныңнесие төлеу қаблеті туралы дұрыс қортынды  жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайларын әзірлеуге кіріседі. Бұл кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процес кезінде: несие мақсатын, сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардын мерзімін, қамтамасыз етуді, несие бағасын, өзгеде жағдайларды анықтайды.
    Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен  қарыз алушы екі жақ та бірдей мүдделік танытқанда ғана банктің несие қатнастары дамитын болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші өзінің несие беру бизнесін дамыта отырып, ссуданың пайыздарымен қоса  мезгілінде қайтарылуын қалайды. Ал қарыз алушы ссуданы ала отырып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді қанакғаттандыруға бағыттайды.
    Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизнесі несиені басқарудың  келесідейнегізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар ішінде өзін берік бекітті деуге болады.
Ол ережелер бойынша:
    -банктің несие қаблеті капиталдың жеткіліктігімен өтімділігіне негізделген. Банк ақша іздейді, орта ставкаларды қайта қаржыландыру ставкалврымен, банкаралық несиелер бойынша ставкалармен салыстыра отырып, депозиттердің тартымдылығын талдайды. Несие беруді қымбат ресурстар есебінен дамыту банкке пайдалы емес;
    - қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өндірістік мүмкіндіктерін білуді  талап ететін несиелерді шоғырландыру банк ұшін маңызды мәселе. Бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлерінің үлесіне қалады;
    - несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін қамтиды. Несие бруге қатысы  бар банктің әрбір қызметкері несие беру процесін жылдамдатуы; несие тәуекелін азайтға жұмыс істеуі тиіс.
    Қызметкерлердің өз өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып саналады:
-    банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын, қайтару мерзімдерін анықтайтын ағка қызметкерлерге келіссөздер жүргізуге өкілеттіктер берілген;
-    келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім қабылдауына мүмкіндік  бере отырып, құжаттама тәуекелден қорғауды қамтамассыз етеді. Қаржылық және заңды құжаттамалар несие беру процедураларын белгілеу ұшін негіз болып қатысады;
-     бекіту қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды.
Банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжербиеде өзіне клиенттің несие туралы өтінішінен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінгі аралықты қмтитын қадамдарын  енгізеді.
Коммерциялық  банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қакрыз алушығанесие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процес болып саналады.
Несие шарты – бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтарымен міндеттері ескерілетін банк пен қарыз алушылар арсындағы контракт. Несие шарты қарыз алушының  қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту; банктің мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғалысы мен пайдалылық деңгейін жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша  ескертпелерден және шектеулерден тұрады.
Несие шартының экономикалық және заңдық жақтары олардың мазмұнында көрсетіледі, оған мыналар кіреді:
-    ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жарлықты, төлем жасау кестесімен процедураларын енгізетін несие беру қаржысының сипаттамасы;
-    терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұмыс күні, пайыздық кезең, пайыздар төлеу күні, көрсетілген шарттарды орындамау жағайы, келісімнің күшін жою күні, растаушы құрал және т.б қамтиды;
-    қарызды дәлелдеу- қаралуы қажет құжаттамаларды сипаттайды;
-    пайыз және коммисиялық ставка пайыздық төлемдер бойынша коммисиялық ставкаларды анықтайды;
-    алдын ала төлемдер жасау, төлеу кезіндегі айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;
-    ссуданы жабу құқығы, қарыз алушы тарапынан шарттарды орындамаған жағдайда, банк өзінің талабын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алушының кез келген активіне иеліек ете алады;
-    кепілдер: оның заң ережесі, зайымдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау сияқты  банкке беілген, әртүрлі ақпараттарға сүйенетін қарыз алушының өтініші оның қаржылық есебінің дұрыстығы, соңғы қаржылық жағдайға байланысты материалдарда кері өзгерістің болмауы, қарыз алушыға қарсы талаптың жоқтығы, қарыз алушының активтеріне қарсы берешектктері үшін мүліктерін ұстап қалудың кез келген құқығын сипаттау немесе оның болмауы.
Банктің ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты несие шарты құқықтық және нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін. Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын барынша дәл айқындайды. Несие шартының экономикалық және заңдық күші банктің қарыз алушыға өз талабын қоюына белгілі бір міндеттемелерді көздеуге немесе қажет болған жағдайда банкті келесідей ақпараттармен қамтамассыз етуге мүмкіндік береді:
-нақты бір күнге арналған мәліметтер, ссуданың бүкіл мерзімі ішіндегі мерзімді аудиторлық және есеп қаржы құжаттары;
-нақты капиталдың немесе меншікті капиталдың белгілі бір деңгейін белгілеу;
-негізгі коэфиценттер бойынша белгілі талаптарға жауап беру;
-ескертілген мерзімдер бойынша көрсетілген шарттардың орындалмау оқиғалары туралы жазбаша хабарлама беру;
- қарыз алушының меншігіндегі кітаптарға және инспекцияларға, оның операциялары бойынша банкке өту мүмкіндігіне рұқсат ету;
-барлық қауіптер мен міндеттемелерге қарсы сақтандыруды қолдау;
-салықтарды уақытында төлеу;
-қосылуға қатыспау және өз активтерінің  маңызды бөлігін сату;
-шарқа қол қою уақытындағыдан үздк саналатын басқа қызмет түрімен айналыспау.
Қазақстан Республикасының банк тәжербиесіндегі несие шартын  арнай  құжат ретінде белгілі бір кесте бойынша коммерциялық банктер жасайды және оны тиісті талаптарға сәйкес рәсімдейді. Несие шарты белгілі бір ақы төлеу арқылы толтырылады.
Несие шартының бірінші бөлігінде банк несиесінің, сондай ақ кепілдеме  немесе кепілдік берушіліктің бөліп көрсетілуімен, заңды тұлға Жарғысы негізінде әрекет ететін банктің және қарыз алушының атауы көрсетіледі.
Одан әрі шарттың заты – несие объектісі, қысқа мерзімдік ссудалар сомасы , ссудалардың мерзімі, қайтару күні, несие үшін пайыздық ставка, пайыздарды төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.
Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы.Қарыз алушы ссуда алу үшін негізгі жазбаша түрдегі өтінішпен банкке жүгінеді, онда ссуданың мақстты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетіледі. Өтініш үш дана етіп толтырылады: бірінші және екінші дана (проводка)үшін негіз болып қызмет етеді, үшінші данасы несие қызметкерінің ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.
Қарыз алушы төмендегідей құжаттар пакетін тапсырған жағдйда неисе беру жүзеге асырылады:
1.Несие берілетін шараның техникалық экономикалық негіздері:
-өтініш білдірушінің қызметіне және оның өндіретін өніміне сипаттама;
-несие есебінен өндірілетін өнімдердің тізімдемесі, оның экспорттық мүмкіндіктері, ішкі және әлемдік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;
-экспортқа шығарылады деп болжанған өнімдердің өткізу нарықтарына талдау жаса, соған сәйкес өнімдер үрдісі мен оған сұраныс, бәсекелстік, халықаралық нарыққа шығу стратегиясы, өнімдерді экспортқа шығару туралы шетелдік фирмалармен келісімдердің болуы;
-қарыз алушының өнімдер экспортына меншік құқығын бекітетін құжаттар, ссудаға берешекті қайтаруға бағытталған түсімдер:
-өнімдерді экспортқа шығаратын лицензияның болуы;
-жобаны жүзеге асыру мерзімдері;
-импорт төлемдерінің балансы мен экспорттан түсетін түсімдерді қоса алғандағы өзін өзі ақтау есептері;
-қажет болған жағдайда жоғарыда келтірілген деректерді  бекітетін басқа  ұйымдардың  ақпараттары.
2.Барлық қосымшалармен контрактылардың, шарттардың, келісімдердің  көшірмелері.
3.Бухгалтерлік есеп, пайдалармен шығындар туралы есеп, кірістер туралы декларациялар және белгілі бір кезендегі қарыз алушының қаржылық жағдайы мен несие төлеу қаблетін анықтау үшін өзге де мәліметтер.
4.Қажетті деңгейде ресімделген, ссуда беруге тапсырыс.
5.Қарыз алушы туралы ақпарат.
6.Тауар материалдыққұндылықтардың  қозғалысы туралы мәлімет.
7.Шұғыл міндеттемелер.
8.Несие шарты.
9.Қамтамассыз ету туралы ақпарат, сондай ақ бизнес жоспар.
Банкпен тұрақты несие қатынасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз алушыларға несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк  қысқартуы мүмкін. Қажеттілік болған жағдайда банк қарыз алушының  қаржылық шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымдардың қортындысын, қарыз алушының есеп айрысу, ссудалық және валюталық  есеп шоттары ашылған банктердің  атауын, олардың ссудалық  қоржыныңдағы  қарыздарының жіктеуі көрсетілуімен ссудаға берешектерінің  көлемін, сондай ақ  банк тәжербиесінде қабылданған үлгілер бойынша несиені уақытында  қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі  міндеттемелерді: кепілдік міндеттемесін, кепілдік беру хатын, қарсыкепілдікті, кепілдік берушілікті талап етуі мүмкін.
Банктің несие бөлімі несие беру мәселелері  бойынша құжаттарды және өткізумен байланысты бүкіл жұмысты басқарады, несие берумен байланысты  өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіреді  және қарыз алушылар тапсыратын  мәліметтердің жеделдігімен сенімділігіне жауап береді.Несие беру кезінде несие бөлімі мамандарының құзырына несие ресурстарының болуын, несие алу үшін қажетті тапсырылған құжаттардың толықтығын қарау, тапсырылған техникалық экономикалқ негіздеу есептерінің шынайлығын анықтаумен қарыз алушының несие төлеу қабілетін талдау, ссуданы қайтармауға әкелуі мүмкін факторларды зерттеу кіреді.Неисе бөлімінің қызметкерлері заң бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, олардың құқықтық мәртебесімен өкілеттіктерін айқындау үшін клиенттердің заңдық істерін зерттейді.
Несие бөлімінің және банктің басқа қызметтерінің қортындысын несие беру туралы мәселені несие коммисиясына немесе банк басқармасына ұсыну үшін негіз болып саналады.
Клиенттерге ссудалар беру ссуданың мақсаты бағыттаушылығына қатысты ашылатын жеке ссудалық  есеп шоттар арқылы жүзеге асырылады.
Ссуда, негізінен тауар матириалдық  құндылықтанрмен көрсетілген қызметтерге төлеуге қарыз алушының  есеп шотында қаржысы жоқ болған кезде, аккредитивтер ашуға және несие шартында айқындалған қарыз алушының өзге де қажеттіліктеріне  беріледі. Қажет болған жағдайларда ссуда банк жетекшісінің өнімі бойынша тауар материалдық   құндылықтар және көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге берілуі мүмкін.
Несие шартында қаралған несиені беру және оны қайтарудың тәртібімен  жағдайларына сәйкес  банктің несие бөлімі оны беруге үкім дайындайды.
Ссуданы беру кезінде банкке бірнеше рет өтініш білдірген қарыз алушы өзін куәләндіруі тиіс, өйткен  аталмыш қарыз алушының Жарғысында оның шаруашылық жүргізуші субъекті атынан шаруашылық шарттарын жасауға басшылық жасау  құқығы қаралған.
Несие берудің қазіргі тәжербиесінде банк несиесін ссудалық  есеп шоттардын әр түрлі үлгілерінен беру мүмкіндігіне рұқсат етіледі.
Тұтастай алғанда клиенттің иелігіне түсетін несиенің мөлшері  көптеген жағдайларға қатысты болады. Мынаны еске сала кетейік: несиенің мөлшері несие келісімімен блгіленген. Осы келісімде белгіленген сома,  әдетте клиент есепке алатын ен жоғары сома болып саналады.Аталмыш сома негізі бойынша несие беру лимиті болып табылады. Оны: несие бағыты, бақылау цифірі деп те атайды.Тұтастай алғанда несие беру лимитін отандық және шетелдік банк тәжербиесінен туындайтын жағдайларға сүйене отырып, келесі түрде жіктеугу болады:
Тағайындалуына байланысты төленбеген қарыз лимитіне, берілетін лимитке бөлінеді. Бірінші ссудалық төленбеген қарызды белгілі бір күнге лимиттейді, ал екінші жолы берілетін ссуданың  көлемін белгілейді.
Қолдану мерзімдері бойынша шығатын және жылішіндегі лимиттерге бөлінеді.Шығатын лимиттер- бұл  клиеттер сол арқылы белгілі бір кезен шегінен шығу құқығына ие лимиттер. Лимиттердің екінші түрі қарыз алушының тиісті кезен шегінде ссуданы пайдлану құқығн белгілейді.
Несиені пайдалану мүмкіндіктері бойынша тұрақты лимит, қосымша лимит, оның мөлшерін арттыру құқығына ие лимит, еркін лимит ара жіктері ажыратылады. Тұрақты лимит ссуданы алудын жоғары құқығын белгілейді, оны банктің айрықша өкімінсіз арттыруға мүмкін емес жасайды.
Несие шартын туындайтын,  беруге жататын несие мөлшерін анықтау- бұл мәселенің заңды жағы ғана. Клиентке берілетін несие көлемі клиенттің  өз өтінішіне қатысты болады.
Несие мөлшері экономикалық жағдайларға, оның ішінде:
-қарыз алушының төлем айналымындағы айырмашылық көлеміне;
-несиені қамтамасыз етуге түсетін  тауар материалдық  құндылықтардын  нақты жиынына және оның өтімдік дәрежесіне;
-маржалар деңгейіне;
-ресурстардың белгілі бір көлемінің банкте болуына қатысты болады.
Несиенің жекелеген түрлерін ұйымдастыру және қайтару тәртібі.
1.Мақсатты несиелер. Өндірістік мақсаттарға берілетін өзге де тауар материалдық құндылықтарды жинақтаумен және өндірістік шығындарды жабуды жүзеге асырумен байланысты  болады. Осыған орай несие өтем ақылық немесе төлемдік сипатты білдіреді. Бірінші жағдайда ол осыған дейін қалыптасып үлгерген тауар материалдық құндылықтарға,  оларды алуға жұмсалған  өз қаржыларының шығындарына өтемақы жасау тәртібінде беріледі. Екінші жағдайда құндылықтар әлі алынып үлгермеген, кәсіпорынның қоймасында әлі жоқ, тапсырыс беруші-кәсіпорынның мекен жайына енді ғана түседі.Жеткізушілер түсірілген өнімдер үшін несие есебінен төлем жасау қажет болатын есеп айрысу құжаттарын ұсынады. Мақсатты несиелерге мыналар жатады: сауда делдалдық  операцияларға жұмсалатын несиелер . Уақытша мұқтаждықтарға берілетін несиелердің  мерзімі отыз күннен аспайды.
2.Контокоррект бойынша несие. Бұл несие көп мақсатты қысқа мерзімді сипатқа ие.Ол клиенттің ағымдағы қаржылық қажеттілігі өзінде бар ресурстардан асып кеткен жағдайда, оның төлем айналымындағы айырмашылыққа беріледі. Несие беру несие бағытының  мөлшері айналым қаржыларының әртүрлі элементтерінің сомасы мен оны құрудын өзіндік көздері мен несиелік борыш сомалары  арасындағы айырма ретінде есептеліп шығарылады.Контокоррект –бұл көрсетілген  қызмет түрлері үшін төлемдік есеп айрысу құжаттарын қоса алғандағы төлемдер жүргізілетін  бірыңғай  активті пасивті есеп шот.
3.Консорциалды несиелер. Консорциум қандай бір жобаны  жүзеге асыру  үшін әртүрлі коммерциялық бірліктердің, оның ішінде банктердің шарттық негізде уақытша бірігуін білдіреді. Банк консорциумдарын құру: қосымша ресурстарды тарту жолымен операциялардың ауқымын көбейту, тәуекелдерді бөлу, өтімдіктің белгілі бір деңгейін сақтау сияқты мақсаттарды көздейді. Мемлекеттік консорциалдық несиелерге деген қажеттілік ең алдымен  бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырумен, әртүрлі салалардағы мемлекеттік кәсіпорындарды техникалық қаруландыру мен қайта  жарақтандыру құралдарын инвестициалаумен байланысты болып табылады.
4.Ипотекалық несие. Қозғалмайтын мүлікті кепілге қоя отырып берілетін , нарықтық экономикада белсенді түрде қолданылатын келісімдердің сенімділігін қамтамасыз ететін несие беру нысандарының бірі болып саналады. Ипотекалық  несие кәсіпорындардың, ұйымдардың  және тұрғын үй құрылысы фирмаларының несиеге қажеттіліктерін сенімді  негізде қаржыландырудың  мемлекеттік көздерінің міндетін атқаруда үлкен рөл атқарады.
Ипотекалық несие беру жүйесі:
-шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа ипотекалық несиелерді тікелей  беру;
- несие беру үшін ресурстарды қосымша тартуды қамтамасыз ететін қайталама нарықта ипотекалық несиелерді  сату екі бағытын көздейді.
Бірінші бағытпен негізінен ипотекалық банктер, ал екінші бағытпен мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген, ипотекалық банктерден активтер сатып алатын, содан соң олардың базасында өзінің атынан құнды қағаздар шығаратын  қаржылық компаниялар және қорлар айналысады.Ипотека-бұл кепілдік алушының  кепілдік беруші өз міндеттеесін орындамаған  жағдайда кепілге қойылған мүлік есебінен өзін қанағаттандыру құқығына ие, міндеттемелерді  қозғалмайтын мүлікпен қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып саналады.
Ипотека туралы шарт жазбаша түрде жасалады және нотаиатпен расталуы тиіс.
5. Халыққа берілетін ссудалар тұтыну ссудалары деп аталады.Осыған орай ссуданың тұтыну сипаты ссуданы беру мақсатымен айқындалады.Қарыз алушылардың тұтыну ссудалары мен несие беру объектілерін жіктеу бірқатар белгілері, оның ішінде қарыз алушының типі, қамтамасыз ету түрі,  өтеу мерзімдері, өтеу әдістері, пайдаланудың мақсатты бағыты , несие беру объектілері,көлемі және т.б бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Банкаралық несие-бұл банктердің бір бірінің  арасында несие мекемелерінің уақытша босатылған ақша ресурстарын тартуы мен орналастыруы  болып табылады. Биржадан тыс банкаралық  нарықтағы несиелер беру мен оны өтеудің жағдайын коммерциялық банктедің өздері анықтайды.
Несие беруші –банктер несие сомаларын анықтау кезінде қарыз алушы банктің жарғылық капиталының мөлшерін, оның қаржылық және заң  тұрғысынан сенімділігін ескереді. Банкаралық несие  сондай ақ қамтамасыз етусіз де берілуі мүмкін. Дегенмен банкаралық несие шарттарының  басым көпшілігінде белгілі бір қамтамасыз ету міндеттемелері белгіленеді, негізінен ондай түрде бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүліктер қатысады.
Банкаралық несие алу кезінде қарыз алушы банк келесідей құжаттарды тапсырады:
-банк жарғысы;
-банк операцияларын жасауға лицензия;
-кәсіпорын жетекшілері қолдарының  үлгісі бар карточка;
-банк өтімділігінің нормативтері;
-алынған және берілген банкаралық несиелердің мағынасын ашу.
Қарыз алушы банк несие алғаннан соң несие беруші банкке тұрақты түрде есеп береді, өтімдік нормативтерінің сақталуы туралы хабарлап отырады.
Несие беру сияқты оны қайтарудың  біріңғай үлгілері де жоқ. Тәжербие ссудаларды қайтарудың алуан түрлі нұсқаларын туғызады. Солардың бірнешеуі мынадай:
1. шұғыл міндеттемелер негізінде эпизоттармен  қайтару;
2. меншікті қаржылардың нақты жинағына және қарыз  алушының  банктің есеп шотынан алатын несиеге  қажеттілігінің азаюына қарай  қайтарылады;
3. күні бұрын белгіленген  сомалар негізінде жүйелі түрде қайтару;
4. төленбеген ссудалық қаржыларды азайту үшін, банк есеп шоттарына соқпай  түсімдерді есепке алу;
5. несиені қайтару мерзімін кейінге шегеру;
6. төленбеген кешіктірілген қарыздарды  "Кешіктірілген несиелер” айрықша шотына ауыстыру;
7. төленбеген кешіктірілген қарыздарды банктің резервтері есебінен есептеп шығару және т.б
Қарыз алушыларға тауар материалдық құндылықтардың  қорын кепілге қоя  отырып, несие беру процесінде ссудалық  есеп бойынша өнімдерді  өткізуден түскен түсімдер мен өзге де ақша түсімдері клиенттің есеп шотына қабылданады, ал банктің есеп шотынан ссудаларды қайтару несие шартында ескертілген келесідей жолдар арқылы күнделікті немесе өзге де мерзімдерде қайтарылуы мүмкін:
-банктің өз бетімен клиенттің есеп шотынан бірінші кезектегі  және өзге де төлемдерді төлеп болғаннан кейінгі қалған оның шотындағы ақша қаражаттарының қалдығын ссудалық есеп шотқа аудару жолымен;
-ссудалар бойынша төленбеген қарыздарды қарыз алушының есеп шотынан міндетті түрде өндіру жолымен;
-ссуда бойынша төленбеген қарыздардың анықталуы кезінде банктің өкімі бойынша мерзімінен бұрын өндіру жолымен.
Бір жолғы келісім жасау үшін қарыз алушыға берілетін қысқа мерзімді  ссудалармен кәсіпкерлерге берілетің ссудалар нақты қайтарылатын мерзімі көрсетіле отырып, оның берілетін күні шұғыл міндеттемелермен рәсімделеді. Негізгі қарызды қайтару, сондай ақ ло бойынша пайыздар төлеу қарыз алушының төлем тапсырмасы арқылы  жүзеге асырылады.
Ссудаларды қайтару жағдайында несие шартында қарыз алушының ірі сомадан бір мезгілдік резерв жасау мүмкіндігін қарауы мүмкін, бұл әрине тараптардың келісімі бойынша жасалады.
Қарыз алушының  ссудалары бойынша төленбеген қарыздар мен пайыздарды қайтаруға алдағы уақытта ешқандай мүмкіндігі болмаған жағдайда несие беруші банк:
-өзінің өнімімен даусыз тәртіпте, алдын ала хабардар етпестен, кепілдің немесе кепілдік берушінің есеп шотынан қарыз сомасын өндіруді талап етеді;
-несие шартында анықталған тәртіпте қарыз алушының қойған мүлік құнынан қарыз сомасын қайтарады;
-қарыз алушы банктің пайдасы үшін жол берген өзге қарыз алушының есебінен төлем жасауды талап етеді, сондай ақ  қарыз алушыныңесеп шотының есеп айрысу шотынан несие шартында көрсетілген  айыппұлдарды өндіреді.
Ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін ақы мөлшері пайдалану мерзіміне немесе қарыз алушының төлем қабілетсіздігі тәуекеліне, несие ресурстары үшін ақыға, қаматамасыз етудің сипатымен сенімділігі, Ұлттық банкінің  қайта қаржыландыру ставкаларына және т.б қатысты белгіленеді.
Банктің несие бөлімі жасаған несие шарттарының орындалуына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, қарыз алушылардың алынған ссудаларды тиімді пайдалануына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, осыған орай қарыз алушымен ссудаларды пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде  тығыз байланыс жасауына жүйелі түрдй бақылау жасауды жүзеге асыруы тиіс.
Осы мақсатта қарыз алушының  шаруашылық қызметі мен оның қаржылық   жағдайына  жүйелі  түрде талдау жасалып отырады, жер жерлерде ақша және есеп айрысу құжаттарына, бухгалтерлік жазуларға, бухгалтерлік және статситикалық есеп  материалдарына  тексерулер жүргізеді. Осыған орай қарыз алушылардан, сол сияқты өзге де көздерден алынатын қаржылық және басқа ақпараттардың бүкіл түрлері пайдаланылады. Қажет болған жағдайда несие  бөлімі келесі мәселелер бойынша жер жердегі қарыз алушыларға  тексерістер жүргізеді:
-банктен алынған ссудаларды мақсатты пайдалану;
-қойма есебінің мәліметтері бойынша ссудаларды қамтамасыз ету;
-бухгалтерлік есептің жай күйі;
-тауар материалдық  құндылықтардыңңңңңң сақталу жағдайы;
-несие берілетін тауар материалдық құндылықтардың  құрамы және оларды  қайта өндеудің немесе өткізудің болашағы;
-қарыз алушылардың өз қаржыларын пайдалану.
Несие шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамайтын қарыз алушылардын қатынасы ссудаларды төлемеген қарыздарын уақтылы және толық қайтаруға қауіп төндіретін болса,  сондай ақ есеп қисапта сенімсіздік пайда болып немесе бухгалтерлік есептің бетімен жіберілгендігі анықталған жағдайларда,ықпал етудің мынадай шаралары қолданылады:
-егер келісілген мерзімдерде банктің нұсқалары  орындалмайтын болса, одан әрі несие берудің тоқтатылатыны туралы қарыз алушыға ескертеді;
-шартта қаралған ссудаларды одан әрі беруді тоқтатады;
-ссудаларды қайтару үшін кезекті жарналарды төлемеу және оларды уақытында төлеудің болашағы жоқтығы  жағдайында, одан әрі қарыз алушының алған ссудасының бүкіл сомасын өндіру талап етіледі;
-ссудаларды өз мақсатында пайдаланбау фактілері анықталған кезде  заңсыз пайдаланылған ссудаларды  жоғары пайыздық ставкалармен өндіреді, ссуданың көлемін қысқартады немесе несие шартында көрсетілген шараларға  одан әрі несие беруді тоқтатады;
-ссудалар бойынша төленбеген  кешіктірілген қарыздар болған кезде жана ссудалар берілмейді, ал қарыз алушыдан түскен түсімдер ссудалар бойынша кешіктірілген қарыздарды жабуға бағытталады.
Қарыз алушылардың  қайта құрылуы  кезінде  олардың құқықымен міндеттері жаңадан пайда болған субъектіге өтеді.
Несиені толық  және бір жолғы қайтару басты түрде клиенттің есеп  шотынан  ақшаны есептеп шығару оның төлемдік айналымы үшін  ешқандайда қиындық тудырмайтын кезде,  қарыздың сомасы онша көп емес болған жағдайда қолданылады.
Жартылай және бөліп бөліп созып қайтару  несиені жабу үшін жеткілікті ресурстардың босауы бірте бірте бодатын және банкпен толық есеп айрысу үшін уақыт талап етілетің жағдайда пайдаланылады.
Несиені жүйелі түрде қайтару төлемдік айналым ссудалық  есепшоты пайдаланылатын  кездегі клиенттің төлем айналымының интенсивті  жағдайынан туындайды.Оған ссудалық есеп шотқа  жоспарлы төлемдерді аудару  жолымен немесе бүкіл түсімді  ссудалық қарызды жабуға  қабылдау жолымен қол жеткізіледі.
Эпизоттармен қайтару қалдық  өтемдік есеп шоттардан белгілі бір мақсаттцы  мұқтаждарға берілген несиелерге тән болып саналады.
Шұғыл қайтаруды немесе белгілі  мерзім күні бұрын келісілген несиені  қайтаруды тәжербиеде кез келген несиелерден кездестіруге болады және бұл кездейсоқтық емес.
Қарыз алушының өз ақша қаражаты несиені  қайтарудың неғұрлым кең таралған көзі болып саналады.
Егер қарыз алушы ссуданы өз қаржысы есебінен немесе жаңа несие  арқылы өтей алмайтын болса, онда банк кепіл есебінен несиені қайтару мүмкіндігін қарайтын несие шарты ережесін пайдалана алады.
Несиенің өтелуін ресімдеуді арнайы құжаттар негізінде  және онсыз жүргізуге болады. Борышты өтеу үшін негізгі құжаттар түрінде клиенттің жазбаша өтініші немесе бұрын банкке  берілген шұғыл міндеттемелер, несие келісімі негізінде жазылатын банктің өз өнімі, төрелік сот, сот бұйрықтары қатысады. Несиені өтеу сондай ақ қағазсыз технология  базасында байланыс арналары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.
Несие операциялары бұл несие берушінің ақылық, жеделдік, қайтымдылық, қамтамасыз етушілік жағдайында қарыз алушыға белгілі бір ақша қаражаты сомасын беру бойынша қатысады.

Санат: Курстық жұмыстар!!! | Салған: Maxo | Уақыты: 19-12-2010, 12:47
Көрулер: 2644 | Жүктелді: 149 | Рейтингі: 4.2/5
Барлық түсініктер: 0
Түсініктерді тек сайтқа тіркелгендер ғана қоса алады!
[ Тіркелу | Кіру ]
Жоғары