| Басты бет » Қазақша рефераттар!!! » География |
|
|
ӘЛЕМНІҢ ӘЛЕУЕТТІ АЛЫП ҰЙЫМДАРЫ Қазақстанмен қатынастар көкжиегін кеңейтуге ықылас танытуда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 2 наурызда вице-президент Ф.Андрияссен бастаған Еуропалық комиссияның делегациясын қабылдады. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы саяси байланыс міне, осы кезден бастап орнықты. 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы өкілдігі ашылды. Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов қазір осы өкілдіктің басшысы қызметін қоса атқаруда. Ал 1994 жылы Алматыда Еуропалық комиссияның өкілдігі ашылды. Оны А.Вандер Меер басқарады. Елбасының Еуропалық Одақ¬тың өкілетті және атқару орган¬дары-ның басшыларымен әрбір кездесуі ықпалдастыққа жақсы әсерін тигізіп, еліміз экономикасы үшін осындағы үлкен рыноктың есігі ашыла түсуіне қызмет етіп келеді. Мемлекет басшысы 1995 жылы қаңтар айында Брюссельде ЕО кеңесінің төрағасы А.Жюп¬пе¬мен кездесіп, Қазақстан мен Еу¬ро¬палық Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасасса, 2000 жылғы маусым мен 2002 жылғы қараша айындағы ЕО-ның жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы Жоғарғы өкілі – ЕО кеңесінің бас хатшысы Х.Соланамен және Еуропалық комиссияның басшысы Р.Проди¬мен кездесулері екі жақты қаты¬нас¬тарды одан әрі өрістете түсті. 2002 айналасында еліміздегі уран өнді¬рісін еселеп арттыруға және оны өңдеудің жаңа жылғы қарашада Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі. Еуропалық қауымдастық арасын¬да¬ғы термоядролық синтезді басқару мәселесіндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Қазіргі күні Қазақстанда уран шикізатының бай қоры негізінде "Қазатомпром” ұлттық компания¬сын уранды өндіру мен өңдеу бой-ын¬ша әлемдегі жетекші компанияға айналдыру жөніндегі өршіл жос¬пар¬дың қолға алынғаны белгілі. Мұның өзі таяудағы 4-5 жылдың сапалық деңгейіне шығуға мүмкіндік бермек. Екінші жақтан алғанда, мұнай-газ қорының шектеулілігіне байланысты атом энергетикасына деген қажеттіліктің күшеюімен қатар өндірістік тұрғыдан игеру мәселесіне адамзат қолы әлі жете қоймаған энергияның жаңа көзі – сутегін алу жөніндегі ынта-ықылас та барған сайын артып келеді. Осыған байланысты әлемнің дамыған ірі елдері (әсіресе, табиғи энергия көздеріне зәрулікті сезіне бастаған Еуропа елдері) термо¬ядро¬лық реакцияларды синтездеу арқы¬лы басқаруға мүмкіндік береді деп есептеліп отырған халықаралық экс¬перименттік ТОКАМАК реакто-рын салудың жобасын қолға алуға белсенділікпен кірісіп кеткені бел¬гілі. Болашақта бұл жобаға Қазақ¬стан да қатысуы мүмкін. Өйткені, Курчатов қаласындағы ядролық орталықта материал тану мақса¬тындағы ТОКАМАК реакторын Ресей ғалымдарының көмегіне сүйене отырып салу жөнінде әңгіме қозғалып, осы мақсатта халық¬ара¬лық ғылыми-теориялық конферен¬ция да өткізілген болатын. Екіншіден, халықаралық экс¬пери¬менттік термоядролық реактор жобасы жүзеге асқан жағдайда оның сыртқы бетін қаптауға берилий металы пайдаланылуы мүмкін. Ал ол металл Америка мен Қазақстанда ғана өндіріледі. Үшіншіден, қазіргі қолданыс¬та¬ғы атом энергетикасына деген сұ-раныс артқан жағдайда Қазақ¬стан¬ның әлемдік энергетика рыногын¬дағы рөлі қазіргіден де күшейе түсуі мүмкін. Міне, осы жағдайлардың бар¬лы¬ғы қосыла келе Еуропалық Одақ-тың атом энергетикасы мен термоядролық реакцияларды син-тездеу мәселесінде Қазақстанмен ынтымақтастық құруға ниетті екендігін байқатып отыр. Елбасының Еуропалық Одақ органдарының басшыларымен кездесуі басталардан бір күн бұрын Брюссельдегі "Конрад” қонақүйін¬де Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық арасында Ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалану жөнін¬дегі келісім дәйектелді. Оған Қа¬зақ¬стан жағынан Энергетика және минерал¬дық ресурстар министрі Б.Ізмұ¬хам-бетов, Еуропа¬лық Одақ жағынан Энергетика жөніндегі комиссар А.Пиебалгс қол қойды. Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы ірі сауда-эко-номикалық әріптесі болып та¬бы¬ла¬ды. 2005 жылы Қазақстанның Еуроодақ елдерімен тауар айналы¬мы 15,3 миллиард АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 11 миллиард доллар, импорт 4,3 миллиард доллар болды. Ал 2006 жылдың бірінші жартысындағы тауар айналымының көлемі 9,9 миллиард долларды құрады. Мұ¬ның 7,3 миллиард доллары экспорт үлесінде. Еуропалық Одақ елдері Қа¬зақ¬стан экономикасына 24 миллиард доллардың инвестициясын салып отыр. Бұл – Қазақстанға салынған шетелдік тікелей инвестицияның шамамен екіден бір бөлігі. Негізгі инвесторлар Ұлыбритания (жалпы көлемінің 13,7 пайызы), Италия (7,1), Нидерланды (5,5), Франция (1,7), Германия (1,5 пайыз) болып табылады. Ал Еуропалық комиссия немесе Еуропалық қоғамдастықтың комис¬сиясы – Еуропа Одағының атқару органы. Еуропалық Одақты құруға негіз болған Еуропалық экономи¬калық қоғамдастық пен Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қоғамдастық осы комиссия арқылы басқарылады. Одақтың дүниеге келуіне әсер еткен үшінші бір қоғамдастық – Көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлестік Одақ құрылысымен таратылған болатын. Еуропалық комиссия 1967 жыл¬дың 1 шілдесінде құрылды. Еуропалық Одаққа мүше ретінде жаңа елдердің қабылдануына бай¬ла¬нысты оның құрамы да өсе түсуде. 2004 жылғы Еуропарламент сайлауынан кейін ол 25 комиссар¬дан тұратын болды (әрбір мүше мемлекеттен 1 адамнан). Комиссия мүшесін әр елдің үкіметі 5 жыл мер¬зімге тағайындайды. Ал комис¬сия президентін Еуроодақ елдерінің үкіметтері бірлескен шешім арқылы тағайындап, ол шешімді Еуропалық Парламент бекітеді. Комиссия Еуроодақтың негізгі келісім-шарттарының дұрыс сақ-талып, орындалуын қамтамасыз етеді. Ол қажетті мөлшерде заң бел¬сенділігіне де ие (регламенттер мен директивалардың жобаларын жа¬сайды). Құжаттар бекігеннен кейін олардың орындалуына ба¬қы¬лауды жүзеге асырады. Қатысушы елдер Еуропалық Одақ заңдарын бұзған жағдайда санкция қолдануға да құқығы бар. Сондай-ақ Еуро¬па¬лық Сотқа жүгіне алады. Комиссия Еуропалық Кеңестің (Еуропалық елдердің Үкімет басшыларының кеңесі) тапсырмаларын да мүлтіксіз орындап отырады. Комиссияның штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Ол 26 бас директор мен комиссия мүшелерінің арасында бөлінген міндеттерді жүзеге асыратын арнаулы қызметтерден тұрады. 2004 жылдың 20 шілдесінде Еуропарламент Еуропалық комис¬сия президенті қызметіне Португа¬лия¬ның бұрынғы Премьер-минис¬трі Жозе Мануэл Дуару Баррозуды бекітті. Елбасының Баррозумен кездесуі барысында екі жақты қатынастар, соның ішінде сауда-экономикалық байланыстар кең көлемде талқы¬лан¬ды. Нәтижесінде Еуропалық Одақ пен Қазақстанның өзара қа¬ты¬насын тиімді жағдайда дамы¬туға негізделген Бірлескен мәлімдеме қабыл¬дау¬ға қол жеткізілді. Мәлімдемеде былай делінген: "Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың жеті жылы Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы үнқатысу-дың деңгейі мен сапасы жоғары екендігін көрсетіп отыр. Біз күшті әріптес¬ті¬гімізді жалпыға ортақ игіліктер не¬гізінде дамытудағы алға басушы¬лық¬қа, сауда-экономикалық ынтымақ¬тастықтағы қол жеткен жетістіктері¬мізге, жаңа жаһандық қыр көрсету¬лер¬ге жауап берудегі, энер¬ге¬ти¬калық қауіпсіздік пен өркениет¬тердің тиімді үнқатысуын қамта¬ма¬сыз етудегі бірлескен әрекеттері¬мізге қана-ғаттан¬ған¬дық білдіреміз. Біздің берік әріптестігіміз екі жақ¬ты эконо¬ми¬калық байланыстардың тұрақты түр¬де кеңеюіне ықпал етіп отырған¬дығын, 2002 жылдан бері тауар айналымының үш есе өс¬кендігін қанағаттандықпен атап көрсетеміз”. Сондай-ақ мәлімдемеде қуат көздерін жеткізуді әртараптандыру жөніндегі Еуроодақ саясатына ықпал етуде Қазақстанның маңыз-ды рөлі атап көрсетілген. Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу Қазақстан Президентінен Каспийден Қара теңіз арқылы өтетін энергетикалық дәлізді дамытуға қолдау білдіруін өтінді. Мұндай жағдайда Қазақ¬стан¬нан, Орталық Азия мен Кав¬каз¬дан мұнай-газ ресурстарын Еу¬ро¬палық Одаққа мультимодельдік тасымал жүйесі, соның ішінде газ құбырлары мен мұнай құбырлары арқылы жеткізудің мүмкіндігі пайда болмақ. Өз кезегінде Қазақстан Президенті бұл жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті жағдайларды қалыптастыру үшін Қазақстан мен Еуропа Одағына бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. ЕО мен Қазақстан оны жүзеге асыруға Ресейдің қатысуын қош көрген болар еді. Төраға Баррозу Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуропалық комиссияның Бакудегі белсен¬ді¬лігі аясындағы ЕО мен Қара теңіз және Каспий өңірі елдерінің энер¬гетикасы жөніндегі Министрлік конференцияда Қазақстанның қа¬былдаушы ел болуына келіскендігі үшін алғысын білдірді. Бұл кон¬ференция қараша айында Астанада ойдағыдай өткен болатын. Ондағы қабылданған қорытынды мен жол картасы Каспий бассейніндегі мұнай мен газ өндіруші елдер мен Еуропалық Одақ арасындағы байланысты нығайта түспек. "Қазірдің өзінде біз энергетика саласындағы жекелеген стратегия-лық үнқатысуымызды жалғастыру үстіндеміз және оның белгілерін байқап отырмыз. Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Еуропалық комиссия ЕО мен Қазақстан арасындағы энергетика сала¬сы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойыл¬ды. Оған Қазақстан жағынан Энер¬гетика және минералдық ресурстар министрі Бақытқожа Ізмұханбетов және Еуропалық Одақтың өкілі қол қойды. Бұл меморандум Каспий өңіріндегі табиғи газ бен мұнайды ірі өндіруші ретіндегі Қазақстан¬ның маңызды рөлін және ЕО мен Қазақстанның энергетикалық сек¬тордағы ынтымақтастықты нығай¬ту¬ға деген өзара ықыласын мойын¬дайды”, делінген мәлімдемеде. Екі басшы да Қазақстанның соңғы жылдардағы жоғары экономи¬ка-лық көрсеткіштерін атап өтті. Еуропалық Одақ Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабі¬лет¬ті 50 мемлекетінің қатарына қосылу жөніндегі бағдарламасын қолдай¬тын¬дығы, Қазақстанның индус¬трия¬ландыру жөніндегі бағдарла¬ма¬сына қолдау білдіріп, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал жасайтындығы, 2007 жылы Бүкіл¬әлем¬дік сауда ұйымына кіруіне де толық қолдау көрсетілетіндігі мәлімделді. "Қазақстан өңірлік және эко¬номикалық тұрақтылықты қамта¬ма¬сыз етуде негізгі елдің бірі және Орталық Азия мен Кавказ елдеріне елеулі инвестиция салып отыр”, делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ Қазақстанның Әлем¬дік және дәстүрлі діндер лидерлері¬нің съезін өткізу секілді бастама¬ларын Еуроодақтың мақұлдай¬тын¬дығы айтылған. Еуроодақтың Бәсекелік қабілет¬ті¬лік және инновация жөніндегі аралық бағдарламасына Қазақстан¬ның қосылуын екі жақ та қолдады. Сондай-ақ спутниктік навигация жөніндегі "Галилео” еуропалық бағ¬дарламасына Қазақстанның қосылу мүмкіндігі қарастырылатын болды. Кездесу соңынан Елбасы мен Ж.М.Баррозу журналистер алдына шығып, қаралған мәселелер жайын¬да айтып берді. – Қазақстанның Еуропалық Одақпен сауда айналымы биылғы жылы 20 миллиард долларға жуық¬тайын деп отыр. Қазақстанның мұнайы Ресей арқылы Еуропаға жеткізілді. Ол Новороссийск және Баку-Тбилиси-Жейһан бағыты. Енді Еуропалық Одақ Кавказ арқылы газ құбыры маршрутының ашылуын қалап отыр. Бұл ұсыныс біздер үшін қызықты. Бірақ оны анықтай түсетін мәсе¬ле-лер де баршылық. Сондай-ақ бүгін тек мұнай мен атом энергиясы мәселесі ғана емес, әріптестік бай¬ланыстарды неғұрлым кең арнада дамыту жөнінде де әңгіме болды, – деді Елбасы. Еуропалық комиссия төрағасы өз сөзінде Еуроодақтың Қазақстанмен байланыстарды дамытуға мүдделілік танытып отырғандығын, Елбасы шақыруы арқылы Қазақстанға келіп қайту мүмкіндігі ашылғандығын жеткізді. Жозе Мануэл Баррозу 1956 жылы 23 наурызда Лиссабон қала-сында (Португалия) туған. Осын¬да¬ғы заң университетін, одан кейін Же¬нева университетінің экономи¬калық және әлеуметтік ғылымдар факультетін өте жақсы бітіргеннен кейін "Еуропалық интеграция үрді¬сіндегі Португалияның саяси жүйе¬сі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Университет¬тер¬де сабақ берді. 1980 жылы Социал-демократ¬тық партияға мүше болып кіріп, 1999 жылы оның төрағалығына сайланды. 1985 жылдан бастап Португалия Парламенті депутаттығына 6 рет сайланды. 1995-1996 жылдары оның халықаралық істер жөніндегі комитетін басқарды. Португалияның конституция¬лық үкіметінде ішкі саясат жөнін¬дегі мемлекеттік хатшысы, халық¬аралық істер мен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік хатшы, Сырт¬қы істер министрі міндеттерін атқарды. 2002 жылы елдің Пре¬мьер-министрі болды. 2004 жыл-дың қараша айында Еуропалық ко¬миссия төрағасы болып сайланды. Қазір Еуропадағы беделді саясат¬кер¬дің бірі. Елбасы мұнан кейін НАТО-ның бас хатшысы Я. де Схеффермен кез¬десті. НАТО туралы бірер ауыз сөз: Солтүстік Атлантика шартына 1949 жылы Вашингтонда қол қойылды. Сөйтіп Еуропа, АҚШ және Канада елдерінің әскери-саяси одағы (альянсы) – НАТО құрылды. Алғашқы кезде альянсқа 12 ел: Бельгия, Канада, Дания, Франция, Испания, Италия, Люксембург, Голландия, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары кірді. 1952 жылы Грекия мен Түркия, 1955 жылы – ГФР, 1982 жылы Испания, 1999 жылы Венгрия, Польша, Чехия қосылды. НАТО өз мүшелігіне соң-ғы рет 2004 жылы наурызда Литва, Латвия, Эстония, Румыния, Бол¬гария, Словения және Словакияны қабылдады. Сөйтіп оған мүше елдердің саны 26-ға жетті. НАТО-ның негізгі мақсаты 1949 жылғы Вашингтон шартында ай-тылып, 1990 жылғы Лондон декла¬рациясында бекітілген. Шартқа қа¬тысушы мемлекеттердің тәуелсіздігі мен егемендігін және демо-кра¬тиялық құрылысын саяси ынты¬мақ¬тастық пен ұжымдық қорғаныс негізінде сыртқы агрессиядан қорғау болып табылады. Соғыстың алдын алуға мүм¬кіндік беріп, тиімді қорғаныс жүйе¬сін қамтамасыз етуге жеткі¬лікті дәрежедегі әскери әлеуетті нығайту, мүше мемлекеттердің қауіп¬сіздігіне әсер ететін дағ¬дарыстарды болдыр¬маудың жолдарын қарастыру, басқа ел¬дермен саяси үнқатысу жүргізу, еуропалық қауіпсіздік саласындағы ын-тымақтастықтың мүмкіндіктерін қа¬растыру – альянстың алдындағы бас¬ты міндеттер қатарына жатқызылған. НАТО мен Қазақстан арасын¬дағы қатынас Солтүстік Атлантика-лық шарт ұйымының сол кездегі бас хатшысы М.Вернердің 1992 жыл¬ғы қарашада Алматыға келуі мен Қазақстан Республикасының Пре¬зиденті Нұрсұлтан Назарбаев¬тың 1993 жылғы ақпанда НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтеріне жасаған жауап сапары кезінде қаланды. 1992 жылы Қазақстан Сол¬түс¬тік¬атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне қатысушы болды. 1997 жылы бұл ұйым Еуропа-Атлан¬ти-калық әріптестік кеңесі деп өзгертілді. 1994 жылғы 27 мамырда Қа¬зақстан "Бейбітшілік үшін әріп¬тестік” бағдарламасына қосылды. Бұл осы бағдарламаның аралық құ-жатына қол қою арқылы жүзеге асты. 1996 жылы Қазақстан мен НАТО арасындағы қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. Осы жылы Қарулы Күштердің мәртебесі туралы келісім жасалды. Бұл құ¬жаттар берілген ақпараттарды қор¬ғау жөніндегі екі жақтың өзара мін¬деттемесін айқындап, әскери жат¬тығулар мен басқа да шаралар өткіз¬ген кезде "Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы бойынша әріптес елдер әскери бөлімше¬лері¬нің мәртебесін айқындауға қызмет етеді. 1998 жылдың 18 наурызынан бастап НАТО қасынан Қазақстан Республикасының миссиясы ашыл¬ды. 2001 жылдың қарашасынан бері миссия құрамында Қазақстанның НАТО қасындағы әскери өкілдігі жұмыс істеп келеді. Елбасының НАТО бас хатшысы Я де Х.Схеффермен 2004 жылғы қазанда Алматыдағы кездесуінде қол жеткен келісімдер мен Қазақ¬стан Республикасы әлеуетінің өсуі негізінде мұнан кейінгі ын¬ты¬мақтастықтың маңызды бағыттары айқындалды. Қауіпсіздік сала¬сын¬дағы практикалық өзара іс-қимыл¬ды қалыптастыру мен жеке не¬гіздегі ынтымақтастықты кеңейту¬дің жолдары қарастырылды. Осы¬ған сәйкес Қазақстан мен НАТО арасындағы әріптестік іс-қимыл¬дың жеке жоспары жасалып, 2006 жылдың 31 қаңтарынан бастап ол жоспар әрекет ете бастады. Елбасы мен НАТО бас хатшы¬сының кездесуі барысында Қазақ-стан мен Солтүстік Атлантика альянсы¬ның арасындағы қарым-қатынастар жан-жақты талқыла¬нып, оларды кеңейтудің мүмкін-діктері қарастырылды. Ал Елбасы өз сөзінде НАТО секілді қанатын кең жайған алып әскери ұйыммен әріптестік қатынас жасау жас тәуелсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігін қаматамасыз етуде маңызды екендігін атап көрсетті. – Біз осы 15 жыл ішінде НАТО-мен белсенді әріптестік қа¬тынас орнатуға қол жеткіздік. Өзі¬міздің "Қазбат” атты батальоны¬мызды осы альянстың көмегіне сүйеніп, НАТО қағидаттары бой¬ын¬ша дайындадық. Бұл ұйымның бізге әскери кадрлар, офицерлер дайындауға да көмегі бар. Мен бүгінгі келіссөз жемісті болды деп есептеймін. Ол біздің әріптестік қа¬тынастарымызды нығайтуға қызмет ететін болады, – деді Елбасы. Сондай-ақ осы күні НАТО-ның штаб-пәтерінде Семейдегі ядролық полигонның жабылуының 15 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Бұл көрменің өзі Қазақ¬станның бейбіт сүйгіш мақсатын, азаматқа үрей сепкен ядролық сынақтарға тежеу салудағы ерлігін паш етті. Қазақстан басшысының Брюссельдегі жұмыс сапары.Осыдан тура 15 жыл бұрын, 1991 жылдың желтоқсанында, дәл осы залда, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен, еліміздің сол кездегі Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститу-циялық заң қабылдады . Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіміз,сол күннен, яғни, 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталды. Міне содан бері 15 жыл өтіпті. 15 жыл деген тарих үшін аз ғана уақыт сияқты. Алайда, әйгілі американдық әнші, Джон Ридтің сөзін жақсы мағынада өзгертіп айтсақ: «Біздің мемлекетімізге осы 15 жыл, әлемді таң қалдырған 15 жыл болды» - деуге болады. Өйткені осы жылдар ішінде Қазақстан әлем таныған әйгілі мемлекет болды. Халықаралық қауымдастыққа толық мүше болып, Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді. Әлемнің 120 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Еліміздің саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымы жетілдірілді. ТМД-дағы ең үздік үлгі деп танылған экономикалық реформа жүзеге-асырылды. Елдің де, ел халқының да табысы еселенді. Біз саяси, экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару жолына түстік. Жалпы ұлттық Лидеріміз Н.Ә.Назарбаев айқындап берген сара жолдың арқасында жас мемлекетімізде дербес саяси және әлеуметтік кеңістік толық қалыптасты. Нарықтық қатынас берік орнықты. Әлемдік қауымдастықпен жаңаша ыңғайласу үрдісі нық жолға қойылды. Демократиялық мемлекеттің негізін шыңдай түсетін жасампаз тарихи сана қалыптасты. Ұлтаралық келісім пен қоғамдық ауызбірлік одан әрі күшейе түсті. Осы он бес жыл қазақстандықтар үшін сенім мен ұмтылыстың, ізденіс пен үміттің жылдары болды. Еліміз дамудың өтпелі кезеңінен сәтті өтіп, бүгінде қарыштап даму жолына түсті. Әлемнің белді экономикалық институттары қазір Қазақстанды экономикалық өркендеуі жағынан басқа елдерге қарағанда топ жарып шығып, көп алда келе жатыр деп тануда. Қазір ішкі жалпы өнім жылына 9-10 пайызға өсіп отыр. Бүгінде еліміз қол жеткізген экономикалық жетістіктердің арқасында барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға күш салуда. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы жыл сайын артуда. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салалары бойынша Қазақстанның алдына 2010 жылға дейін ТМД елдерінің алдына шығу мақсаты қойылды. Алдағы жылы ішкі жалпы өнімнің деңгейі адам басына шаққанда 6 мың АҚШ долларын құрайды деп күтіліп отыр. Ең бастысы, осы жылдары алған бағытымыздың, жүрген жолымыздың дұрыс екеніне көзіміз толық жетті. Қазақстан өзінің аумақтық тұтастығын нығайтып, халықтың жүрегіне сенімді көңіл-күй ұялатты. Осының бәрі, айтып келгенде, Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз егемендік алғаннан бері жүргізіп келе жатқан көреген саясатының тамаша табысы екені тарихи шындық. Алдымен экономика, кейіннен саясат деген қағида соңғы жылдары қоғамымызды бірізді демократиялық өзгерістерге алып келді. Елімізде көптеген демократия институттары құрылды. Бүгінде Елбасымыздың өзі басқаратын демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі Мемлекеттік комиссия белсенді жұмыс жүргізуде. Демократиялық реформалардың 2011 жылға дейінгі Жалпыұлттық бағдарламасы әзірленуде. |
| Көрулер: 1100 | Жүктелді: 272
| Рейтингі: 0.0/0 |
| Барлық түсініктер: 0 | |