Басты бет » Тесттер!!!

Қазақ әдебиеті 10 сынып



Қазақ әдебиеті
10 сынып

1.   « Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген» деген сөздерді академик Н.И. Веселовский кім туралы айтқан?
1.    А. Құнанбаев
2.    Ш. Уәлиханов
3.    Ы. Алтынсарин
4.    С. Торайғыров
5.    М. Жұмабаев
2.      « Таулардан өзен ағар сарқыраған» деп басталған өлең кімдікі?
          1. Абай Құнанбаев
    2. Сәбит Дөнентаев
    3. Ыбырай Алтынсарин
    4. Мағжан Жұмабаев
    5. Сұлтанмахмұт Торайғыров
3.   Абай төмендегі ақын – жазушылардың қайсысының шығармаларын аударған?
1.    А. Чехов
2.    А. Грибоедов
3.    М. Лермонтов
4.    В. Брюсов
5.    В. Маяковский
4.      Абайдың табиғат пен махаббат сырын үндестіре жырлаған өлеңі қалай аталады?
1.    «Көлеңке бойын ұзартып»
2.    «Көк ала бұлт сөгіліп»
3.    «Жаз»
4.    «Желсіз түнде жарық ай»
5.    «Қараңғы түнде тау қалқып»
5.     «Еңілік – Кебек» дастанын жазған кім?
1.    М. Әуезов
2.    М. Жұмабаев
3.    С. Торайғыров
4.    Ш. Құдайбердиев
5.    С. Дөнентаев
6.     «Қараңғы қазақ көгіне
    Өрмелеп шығып күн болам!» - деген жолдардың авторы кім?
1.    С. Сейфуллин
2.    І. Жансүгіров
3.    С. Торайғыров
4.    М. Дулатов
5.    А. Байтұрсынов
7.    Абайдың өлеңін белгілеңіз.
1.    «Өзен»
2.    «Арғымаққа оқ тиді»
3.    «Өнер білім бар жұрттар»
4.    «Жазғытұры»
5.    «Әкеме»
8.   Қазақ әдебиетінде реалистік әдістің тууы кімдердің есімдерімен байланысты?
1.    М. Дулатов, С. Көбеев
2.    Ш. Уәлиханов, С. Торайғыров
3.    А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин
4.    А. Қорамсаұлы, Б. Қожағұлұлы
5.    Ш.  Құдайбердиев, М. Жұмабаев

9.   Ш. Уәлихановтың шын аты кім?
1.    Ақ жігіт
2.    Ибраһим
3.    Әбілмансұр
4.    Мұхамедқафафия
5.    Мағауия

10.   «Бекболат» поэмасының авторы кім ?
1.    Омар Шипин
2.    Иса Байзақов
3.    Төлеу Көбдіков
4.    Сәт Есенбаев
5.    Иса Дәукебаев

11.   «Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – айым» - деген жолдардың авторы кім?
1.    С. Торайғыров
2.    М. Жұмабаев
3.    С. Дөнентаев
4.    С. Көбеев
5.    И. Дәукебаев

12.    А Байтұрсыновтың алғашқы өлең жинағы қалай айтылады?
1.    «Жиған – терген»
2.    «Қырық мысал»
3.    «Оян, қазақ»
4.    «Маса»
5.    «Ұсақ – түйек»

13.    Қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырушы кім?
1.    Ш. Уәлиханов
2.    С. Көбеев
3.    А. Қорамсаұлы
4.    С. Торайғыров
5.    А. Құнанбаев
14.    Ш.Уәлихановтың алғашқы жазып алған дастанының аты не?
1.    «Қыз Жібек»
2.    «Алпамыс батыр»
3.    «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
4.    «Қобыланды батыр»
5.    «Қамбар батыр»
15.    Орыс ғалымдары кімді Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы деп атаған?
1.    А. Құнанбаев
2.    М. Әуезов
3.    Ы. Алтынсарин
4.    Ш. Уәлиханов
5.    А. Байтұрсынов
16.    « Татьянаның қырдағы әнінің» авторы кім?
1.    Ы. Алтынсарин
2.    А. Құнанбаев
3.    С. Торайғыров
4.    М. Дулатов
5.    А. Байтұрсынов
17.   Сот реформасы туралы жазған кім?
1.    Ш. Құдайбердіұлы
2.    А. Байтұрсынов
3.    Ш. Уәлиханов
4.    Ы. Алтынсарин
5.    Ж. Аймауытов

18.   Абайдың қара сөздерінің қайсысында қазақтың мақал – мәтелдері туралы сын айтылады?
1.    Алтын сөз
2.    Отызыншы сөз
3.    Бесінші сөз
4.    Он алтыншы сөз
5.    Тоғызыншы сөз

19.   «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасын қазақша жырлаған кім?
1.    М. Жұмабаев
2.    М. Абайұлы
3.    С. Торайғыров
4.    Ш. Құдайбердіұлы
5.    А. Құнанбаев
20.   С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкері кім?
1.    Ғайша
2.    Қамар
3.    Ғаникамал
4.    Жамал
5.    Шұға
21.   Ш. Уәлихановтың әйгілі саяхат сапарын көрсетіңіз?
1.    Атырау саяхаты
2.    Сырдария саяхаты
3.    Қашқария саяхаты
4.    Үндістан саяхаты
5.    Монғолия саяхаты
22.       Ш. Уәлиханов еңбегінің атын белгілеңіз?
1.    «Қазақ хрестоматиясы»
2.    «Әдебиет танытқыш»
3.    «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы»
4.    «Тіл – құрал»
5.    «Тіл жұмсар»
23.       С. Торайғыровтың романын көрсетіңіз?
1.    «Қамар сұлу»
2.    «Бақытсыз Жамал»
3.    «Қалың мал»
4.    «Абай жолы»
5.    «Ақбілек»
24.   Тұрлығұл қай шығарманың кейіпкері ?
1.    «Кім жазықты»
2.    «Сұлушаш»
3.    «Бақытсыз Жамал»
4.    «Қалың мал»
5.    «Ботакөз»
25.       Абайдың алғаш жарық көрген өлеңдері кімнің атынан жарияланған?
1.    Уәйіс
2.    Ақылбай
3.    Көкбай
4.    Әріп
5.    Мағауия

Санат: Тесттер!!! | Салған: Maxo | Уақыты: 11-10-2010, 22:50
Көрулер: 20968 | Жүктелді: 1191 | Рейтингі: 3.5/23
Барлық түсініктер: 0
Түсініктерді тек сайтқа тіркелгендер ғана қоса алады!
[ Тіркелу | Кіру ]
Жоғары