| Басты бет » Тесттер!!! |
|
|
I - нұсқа 1. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз. А) Аш жүру-денсаулыққа зиян. Қарның ашты ма? В) Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты. С) Жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім. D) Жазда Ыстыққөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды. Е) Қаладағы тіршілік қызық екен. 2. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз. А) Ақылың аз, ашуың көп болса-қор боласың. В) Татулық – табылмас бақыт. С) Адал достық алтыннан да қымбат. D) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Е) Ашуың келсе, қолың тарт. 3. Қате жазылған сөзді табыңыз. А) Айдана В) Өнерпаз С) Даурен D) Кітап Е) Бөдене 4. Дауыссыз дыбыстардың жасалуын көрсетіңіз. А) Өкпедегі ауаның кедергіге ұшырап шығуынан. В) Езудің кейін қарай ашылуынан. D) Жақтың тар ашылуынан. Е) Өкпедегі ауаның кедергісіз шығуынан. 5. "Еңбекшілер” деген сөздің қай буынына екпін түсіп тұрғанын табыңыз. А) Еңбек В) ші С) бек D) лер Е) ең 6. Тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз. А) Туған В) Етіс С) Жаздық D) Қағаз Е) Тұйық 7. Бөлек жазылатын сөзді анықтаңыз. А) Ешқайда В) Әлдекім С) Әруақытта D) Әркім Е) Кейбір 8. Айтылуда өзгеріске түсетін сөзді көрсетіңіз. А) Ақ ешкі В) Терең ой С) Дыбыс D) Бақ қону Е) Синоним 9. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз. А) Орынбай біліммен озады В) Тоқсан жасқа толды С) Білім басы-бейнет, соңы-зейнет D) Ат екі күн иесін күтті Е) Жолдың екі жағы 10. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз. А) Өнер, жұмыс, есім В) Ықыласпен, әкетай, балгер С) Клубқа, заводта, қонаққа D) Мектепке, отынды, қонақтар Е) Жазықсыз, қыздарға, жүгірші 11. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз. А) Грамы В) Граммі С) Грамі D) Граммы Е) Грамми 12. Көмекші есімді ажыратыңыз. А) Ауыл В) Тау С) Өзен D) Кітап Е) Маңы 13. Күрделі сын есімді көрсетіңіз А) Қатты В) Сары С) Аппақ D) Күрең Е) Түнгі 14. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз. А) Бәрі біркелкі В) Бес-бестен С) Оқып отыр, жеп жатыр D) Алтау, біреу Е) Отыз екі, жүздеген 15. Өздік есімдікті тіркесті табыңыз. А) Бірер елік В) Өз баласы С) Жүз шамалы D) Қос қыран Е) Көркем дүние 16. Қимыл мағынасын білдіретін сөзді табыңыз. А) Қызыл, ақ, көк В) Паһ-паһ, ойпырай С) Күлкі, мінез, ой D) Біреу, екі, үш Е) Күлу, оқы, тоқу 17. Күрделі үстеуді табыңыз. А) Төмен В) Бұрын С) Тез D) Жорта Е) Ендігәрі 18. Атау септіктегі сөздермен тіркесетін септеулік шылауларды көрсетіңіз. А) Дейін, шейін, таман, қарай В) –ақ, -ай, -ау, -мыс, -міс С) Қатар, бірге, қабат D) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері Е) Арқылы, жайында, жөнінде 19. Еліктеу сөзді көрсетіңіз. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. А) Еткен В) Жылт еткен С) Өткен D) Жылт-жылт Е) Жырадан 20. «Биік қорған» тіркесіндегі басыңқы сөзінің қатарын белгілеңіз. А) Сын есім В) Зат есім С) Есімдік D) Сан есім Е) Етістік 21. Ойдағыны айтқысы келу. Күрделі сөздің бағыныңқы сыңарын анықтаңыз. А) Келу В) Айтқысы келу С) Ойдағыны D) Айтқысы Е) Ойдағыны айтқысы 22. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Көп адам келді В) Баяғы заман жоқ С) Жас жүрек D) Қазақ музыкасы өркендеуде Е) Бос белбеу жігіт 23. Бұйрықты сөйлем қандай мағынада қолданылады. А) Талап ету. В) Сұрау С) Хабарлау D) Жалыныш Е) Көңіл күй білдіру 24. Жай сөйлемді табыңыз. А) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді В) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді. С) Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді D) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді Е) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады. 25. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз. А) Бүгін мені күткендердің саны есепсіз В) Күн шықты С) Сиырының тұқымы да жақсы, бабы да жақсы екен D) Тіл-ұлтымыздың қасиетті қазынасы Е) Дегенмен үйге ерте келгендіктен, бәріне үлгердім |
| Көрулер: 2675 | Жүктелді: 101
| Рейтингі: 3.3/3 |
| Барлық түсініктер: 0 | |