Басты бет » Тесттер!!!

Қазақ тілінен тест сұрақтары IV – нұсқа



IV – нұсқа
1. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз:
   А) Тоғайлы жер, егінді алқап
   В) Жуан таяқ, жіңішке таяқ
   С) Жұмыр ағаш, майысқақ ағаш
   D) Туған өлке, таулы жер
   Е) Тебеген ат, сүзеген сиыр
2. Диалект сөзді табыңыз:
   А) Ғарыш
   В) Жерұйық
   С) Бәтеңке
   D) Шәугім
   Е) Мұзжарғыш
3. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.
   А) Лестіру
   В) Ілгіш
   С) Лайық
   D) Рақмет
   Е) Лашық
4. Әліпбидегі алтыншы әріпті белгілеңіз.
   А) В
   В) Д
   С) Г
   D) С
   Е) Ғ
5. Бітеу буынды сөзді табыңыз:
   А) Асыл
   В) Күй
   С) Бұлақ
   D) Мейірімді
   Е) Үш
6. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.
   А) Өрт-ену
   В) Пар-ақ
   С) Көк-серке
   D) Конт-ракт
   Е) Кеу-ек
7. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.
   А) Қыз қуу, тұсау кесер
   В) Күй табақ, жаны ашу
   С) Халық аралық, мұра жай
   D) Көк жиек, ашық хат
   Е) Өнер тапқыш, жүрек жарды хабар
8. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
   А) –паз
   В) –дық
   С) –лық
   D) –лар
   Е) –ға
9. Кейінгі ықпалды табыңыз.
   А) Қандағаш
   В) Үмітбек
   С) Әншінің әні
   D) Жеңіл-желпі
   Е) Көкшетау
10. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
   А) Үлкенбісің
   В) Күләнға
   С) Гауһардай
   D) Әншіміз
   Е) Жұмысшы
11. Жіктік жалғауының екінші жағында сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз.
   А) Әкімге
   В) Әкімсіз
   С) Әкіммін
   D) Әкімбіз
   Е) Әкімдер
12. «Гүріл» деген туынды зат есім қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз:
   А) Одағайдан
   В) Шылаудан
   С) Еліктеу сөзден
   D) Етістен
   Е) Үстеуден
13. Сын есім – қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
      Еркін – сабағын жақсы оқитын бала.
   А) Пысықтауыш
   В) Толықтауыш
   С) Бастауыш
   D) Баяндауыш
   Е) Анықтауыш

14. «Сыңар» сөзінің қай санмен синонимдес екенін көрсетіңіз.
   А) 1
   В) 10
   С) 2
   D) 7
   Е) 3
15. Белгісіздік есімдігін табыңыз:
   А) Кейуана
   В) Кейіпкер
   С) Кейінгі
   D) Келіссөз
   Е) Кейбір
16. Ортақ етісті табыңыз.
   А) Сөйлетті, жалғызды, айттырды
   В) Жиналды, шешілді, тазаланды
   С) Алдыртты, келтірді, көндірді
   D) Жазысты, айтысты, келісті
   Е) Тарандым, жуындың, киінді
17. Бағыныңқысы үстеуден болған тіркес түрін белгілеңіз.
      Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.
   А) Меңгеру
   В) Жанасу
   С) Қабысу
   D) Қиысу
   Е) Матасу
18. Жалғаулық шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
   А) Бетінің әрі тая бастады
   В) Алтынай – күйші әрі әнші
   С) Асан малға икемді болып өсті
   D) Әсет тез киіне бастады
   Е) Әкесі баласының ұқыпты екенін біледі
19. Еліктеу сөздердің көбіне қай сөзбен тіркесетнін көрсетіңіз.
   А) көмекші етістік
   В) есімше
   С) зат есім
   D) етіс
   Е) сан есім
20. Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесін анықтаңыз:
   А) Әдейі жоғалған
   В) Ата-ана
   С) Құрт-құмырсқа
   D) Ол-агроном
   Е) Әке-шеше
21. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.
      Жұқа кітап.
   А) Септік жалғау
   В) Жалғау
   С) Орын тәртібі
   D) Дауыс ырғағы
   Е) Шылау
22. «Жүз» сөзінен болған толықтауышты белгілеңіз.
   А) Пышақ жүзі қайралды
   В) Сен суда жүз
   С) Апамның жүзін берді
   D) Тойға жүз шақты қонақ шақырылған
   Е) Жүзге жүзді қосып бер
23. Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.
      Шаңқай түс. Жайлаудағы ауыл.
   А) Біріккен сөз
   В) Сөз
   С) Туынды сөз
   D) Күрделі сөз
   Е) Сөз тіркесі
24. Жай сөйлемдер арасына қойылатын тыныс белгісін қойыңыз.
      Жел саябырлаған сияқты екпіні әлі де қатты.
   А) Үтір
   В) Сызықша
   С) Қос нүкте
   D) Үтір, сызықша
   Е) Нүктелі үтір
25. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас қандай сұраққа жауап береді, табыңыз.
   А) Қайтсе де? Қайткенмен?
   В) Қашан? Қашаннан?
   С) Қалай? Не етпестен?
   D) Неліктен? Неге?
   Е) Не үшін? Қайтпек болып?

Санат: Тесттер!!! | Салған: Maxo | Уақыты: 11-10-2010, 22:52
Көрулер: 2887 | Жүктелді: 150 | Рейтингі: 0.0/0
Барлық түсініктер: 0
Түсініктерді тек сайтқа тіркелгендер ғана қоса алады!
[ Тіркелу | Кіру ]
Жоғары