Басты бет » Тесттер!!!

Қазақ тілінен тест сұрақтары 2



Қазақ тілі   Тест сұрақтары  1 нұсқа

1. «Қазақ тілінің жасалуы туралы» атты еңбекті жазған :

А)Сауранбаев   В)Радлов    С) Бартольд      Д)Уәлиханов      Е)Айдаров

2. Есiмшенiң жұрнақтарын көрсет

А)ған,- ген,- қан,- кен,- ар,- ер,- р   В) ды,- дi,- ты,- тi;       С) дар,- дер,- тар,- тер.

      Д)-ып,-іп,-п,-ғалы, -келі, -келі;         Е)-ма,-ме,-па,-пе

3.Әшекей бұйымдарды кімдер жасайды?

А)зергерлер  В)дәрігерлер   С)аудармашылар   Д) сәулетшілер   Е) мұғалімдер

4. Мақалды аяқта

Анам берген туған тілім, ...

А)...,  ана тілі ой өсіреді     В)...,өнер алды-тіл   С)...., туған елдей ел болмас 

    Д)...., атам берген құрал тілім    Е).....,білім-қайық

5.Зат есімнен жасалған етістікті көрсет.

А).көбей   В)тазала   С)көгер   Д)жарқыра  Е)сана

6.Біріңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

А)қаршыға   В)құмырсқа  С)қарға   Д)қасқыр  Е)қарағай

7.Ғұбайдолла Айдаровтың қанша монографиясы бар ?

А)8    В)6     С)11   Д)10      Е)5 

8. Сөздердің орын тәртібі дұрыс сөйлемді көрсетіңіз

А)Болады тоғайда әр түрлі аңдар.   В)Әр түрлі тоғайда аңдар болады      С) Аңдар болады әр түрлі   тоғайда.       Д) Тоғайда әр  түрлі аңдар болады.             Е) Аңдар әр түрлі тоғайда болады 

9.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарың табыңыз

А) Біресе, кейде, бірде В)не, немесе, я  С)бірақ, алайда, дегенмен  Д) да, де, та, те, және                           Е) себебі, сондықтан

10.Синонимдік қатарға жатпайтын сөздерді белгіле.

А).туған жер ,Отан    В)биік,зәулім    С)еңбек ,жұмыс     Д)қасиетті ,отаншыл     Е)көркем ,сұлу

11.Атаулы сөйлемді табыңыз.

А)Жап-жасыл дала  В)Қазақстанның жері кең- байтақ.  С)Көгілдір көлде аққу

қалқиды. Д)Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу. Е)Таулар бұлтпен тіркескен.

12.Қажетті шылауды қойыңыз

«Ата-анамды сағындым, … оқуды тастап кетуге болмайды»

А) және   В) бірақ  С) да   Д) яки   Е) не

13.«Құлан таза» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) кішіпейіл  В) ақылды С)момын  Д)әділ  Е) мықты.

14. «Құдатғу білік» кітабын кім жазған?

А)Ж. Баласағұн  В)Н.Сауранов  С)Ғ.Айдаров   Д)В. Бартольд   Е)В.Радлов

15.Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші кім?

А)сұлтандар  В)билер   С)батырлар  Д)хандар   Е)көсемдер

16.Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

А)Көрсеткіш     В)Сұра  С)Қара  Д)Керек  Е)Тара

17. Қазақстан Респуликасының ұлттық теңгесі қашан енгізілді?

  А) 1993          В) 1991         С) 1992        Д) 1994              Е) 1995

18.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А)ашық мінез        B) ашық дала            С) қолы ашық         D) ашық терезе        Е) ашық әңгіме

19.Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

А) кім? не?  В) не істеді? қайтті?  С) қандай? қай?  Д) кімде? неде?

20. Төле би қашан туған?

А)1667             В)1644                С)1663                Д)1664               Е)1756

21.Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді тап.

А) биік     В) тап-таза   С) тар    Д) үлкенірек    Е) өте дәмді

22.Қазақ тілін зерттемеген ғалым

А)В.В.Радлов   В) Н.Сауранбаев   С)Ғ.Айдаров   Д)В. Бартольд   Е) Ж. Баласағұн

23.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А)табиғат  В)біраз   С)көжек  Д)қонжық  Е)жылқышы

24.Бастауышы жалқы есімнен болған жақты сөйлемді тап.

А) Еңбек етуді арадан үйрену керек B) Жәуке есікті сыртқа қарай итеріп ашты

C) Қош ұзай берді Д) Маған баруға тура келді     E) Жеті қараңғы түн

25.Септеулік шылауды белгілеңіз.

А)Кеше ғана ол ауылдан келді.  В)Қоңырау соғылды , бірақ сабақ басталған жоқ.

С)Досым  туралы жақсы хабар естідім .   Д)Өмірден өз орнын тапқан-ды.

Е) Ағам  және оның қызы алыс жолға аттанды.

26.Бөлшектік сан есімді тап :

А)100 қаралы            В)100-ге таяу  С) 100-деген     Д)100-100деп                Е) 100ден бір

27.Төл сөзді табыңыз.

А) Ол қашан келетінін айтты .  В)Жылқылар су ішуге тоқтады .

С) Балам,-деді ол ,- сенің атың кім?     Д) Алмас менің атымды сұрады.

   Е)Мұрат әннің өзінікі еместігін айтты.

28.Біріңғай  жіңішке дауыстылардан жасалған мақалды белгілеңіз.

А) Ерлік – ер адам ісі .  В)Бірлік болмай – тірлік жоқ.   С)Еңбек  етсең , емерсің.

Д)Есебі түгелдің  ебі бар .   Е)Ар- биік қасиет.

29.Ортақ етісті табыңыз.

А) Жастар ойласты. В) Тас қаланды. С) Әкесінен қаймықты. Д) Тектілігін танытты 

30.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. 

А) Танат біресе сұрланды, біресе бозарды.                                                                                                       В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.   С)Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей.                            Д) Жазира осы жұмысқа орналысты, себебі мамандығына сәйкес еді.                                                           Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.   

 

Санат: Тесттер!!! | Салған: Maxo | Уақыты: 11-10-2010, 22:43
Көрулер: 5623 | Жүктелді: 163 | Түсiнiктер : 2 | Рейтингі: 4.0/2
Барлық түсініктер: 2
0  
1 asel   (23-11-2010 21:00) [Материал]
gde mojno dostat' klu4i k etomu testu?

0  
2 Maxo   (24-11-2010 07:29) [Материал]
Смотри там внутри есть! smile

Түсініктерді тек сайтқа тіркелгендер ғана қоса алады!
[ Тіркелу | Кіру ]
Жоғары